Бүгін Үкімет үйінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің оныншы отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде Жоғарғы Сот Кеңесі жаңа моделінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-практикалық шаралары, сот қазылар алқасының 2015 жылғы жұмысы, кейбір аудандық және оған теңестірілген соттарды тарату, жоғарғы Сот Кеңесінің 2015 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалуы туралы мәселелер қаралды.
