6 маусымда РАА отырысында Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокатына қатысты бір тәртіптік іс қаралды. Ол бойынша өндірісті тоқтату туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта адвокатураның тәртіптік комиссиясының қарауында 21 тәртіптік іс бар.

7 маусымда РАА Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының тиімді жұмысының арқасында Жоғарғы сот құжаттарды бұрмалау фактісі бойынша адвокат А.С. Палмахановаға қатысты жеке ұйғарымның күшін жойды. Комиссия мүшесі А.С. Дәрібаева комиссияның барлық мүшелері қолдаған және оның төрағасы бекіткен адвокаттардың кәсіби құқықтарының бұзылуы туралы қорытынды дайындады. Сондай-ақ адвокат А.С. Дәрібаева кассациялық алқа отырысына белсенді қатысып, адвокат А. С. Палмахановамен бірге істі жеңіп шықты.

7 маусымда РАА төрағасының орынбасары Игорь Вранчевтің төрағалығымен ҚІЖК және ҚК-де ұсыныстарды әзірлеу үшін құрылған адвокаттық жұмыс тобының РАА мүшелерімен бірлескен жұмыс отырысы өтті. Кеңес барысында адвокаттық қоғамдастықтың қылмыстық-іс жүргізу және қылмыстық-атқару кодекстерін бір мезгілде түзетумен қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша заң жобасына ұсыныстары талқыланды.. Заң жобасын Бас прокуратура әзірлеген болатын.

8 маусымда РАА төрағасы әділет Министрлігінің өкілдерімен 2022 жылғы 31 наурыздағы Жол картасын іске асыру мәселелері бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында құжаттың мерзімінде орындалмаған белгілі бір тармақтары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша оларды шешу жолдары белгіленді.

9 маусымда РАА Президиумының отырысын өткізу жоспарланған болатын. Кворумның жиналмауына
байланысты отырыс 2022 жылғы 14 маусымға ауыстырылды.

9 маусымда Президиум мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласының адвокаттар алқасының адвокаты Әсел Тоқаева адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың судьясы, құқық және заң ғылымдарының магистрі, Еуропа Кеңесінің адам құқықтары жөніндегі комиссары Анна ЮДКОВСКАЯНЫҢ қатысуымен «Цифрлық дәуірдегі сөз бостандығы: сын-қатерлер мен Еуропалық сот тәсілдері» семинарына қатысты. Семинарды «Құқықтық медиа-орталық» ҚҚ ұйымдастырып, диффамациялық даулар, жеке өмір мен жеке деректерді қорғау, экстремизм мен төзімсіздік лексикасына байланысты істерді қарау сияқты тақырыптарды қозғады.

10 Маусымда РАА төрағасы Айдын Бикебаев және Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Оқасбай Әбікенов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа Комитетінің Қарағанды облысында «Сотталған адамдарға қатысты құқықтарды сақтау және азаптауларға жол бермеу мәселелері» тақырыбына өткен отырысына қатысты. Комитет отырысында адвокатура өкілдері құқық қорғау органдарының қызметі барысында азаматтардың құқықтарын сақтау мен қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін атап өтті. Өз сөзінде РАА төрағасы ұсталған адвокаттардың мысалында азаптауды қолданумен байланысты жағдайлар бойынша қылмыстық іс қозғаудың бар қиындықтарын атап өтті. Толығырақ ақпарат

9 және 10 маусымда адвокатура өкілдерінің қатысуымен Қаржы мониторингі агенттігі ұйымдастырған жұмыс кездесуі өткізілді. Жұмыс кездесуі шеңберінде қаржы мониторингі субъектілерін айқындау тетіктерін әзірлеу және заң қоғамдастығы өкілдерінің ақпарат алмасуы мен беруі жөніндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

11 маусымда РАА Адвокаттарының кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссиясы Алматы қалалық адвокаттар алқасы және Алматы қаласының тағылымдама орталығымен бірлесіп оқыту іс-шарасын өткізді. Мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілген вебинарда адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғаудың проблемалық мәселелері және оларды тиімді шешу жолдары талқыланды. Спикерлер ретінде адвокаттар Таир Назханов, Гүлхан Оқапова, Айгүл Халикова, Айжан Дәрібаева және Руслан Шерубаев сөз сөйледі. Вебинарға қатысушылар спикерлерге өз сұрақтары мен ұсыныстарын қойып, оларға мазмұнды жауаптар алды.

Өткен аптада РАА-ға келіп түскен кіріс/шығыс хат-хабарлар саны 43 хатты құрады, оның ішінде адвокаттардың әрекеттеріне қатысты 15 шағым бар. Барлық өтініштер бойынша жұмыс жүргізілуде.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: