10 маусымда РАА төрағасы Айдын Бикебаев және Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Оқасбай Әбікенов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа Комитетінің «Сотталған адамдарға қатысты құқықтарды сақтау және азаптауларға жол бермеу мәселелері» тақырыбында Қарағанды облысында өткен отырысқа қатысты.

Комитет жұмысына адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Э.А. Әзімова, Бас прокуратураның қызмет басшысы Ж. К. Бақашбаев, ІІМ ҚАЖК төрағасы Ж. Б. Ешмағамбетов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасары А. Ж. Жұмағали, Қарағанды облысының прокуроры Б. К. Мырзакеров, басқа да мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам өкілдері қатысты.

Комитет отырысында Құқық қорғау органдарының қызметі барысында азаматтардың құқықтарын сақтау және қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды.

РАА төрағасы өз сөзінде келесіні мәлімдеді:

— «Армысыздар, құрметті Арман Төлешұлы, құрметті депутаттар! Сіздерге адвокаттық қоғамдастық атынан ықыласымызды білдіруге рұқсат етіңіздеп.

Сіздің Комитетіңіз адвокатураға қатысты бейінді болып табылады және де адвокаттық қоғамдастық депутаттардың жұмысын және адвокаттық қызмет мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру бағытында бізбен бірлесе атқарылып жатқан жұмыстардың барлығына жоғары баға беріп, ризашылығын білдіруде.

        Бүгінгі іс-шараның тақырыбы өте өзекті, өйткені қоғамнан оқшауланған адамдарға қатысты құқықтарды сақтау және азаптауға жол бермеу мәселелері әрқашан өткір болып қала береді.

          Мысалы, адвокатура жыл басында қызылордалық адвокаттың ұсталғанымен беттесті. Сот отырысында оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау кезінде адвокат Қызылорда қаласы полиция Департаменті қызметкерлерінің оны азаптағаны жайында мәлімдеді. Адвокаттың бүкіл денесіне көптеген жарақаттар жасалды, сот-медициналық сараптаманың қорытындысы адвокаттың денсаулығына жеңіл зиян келтіру фактісін анықтады.

            Республикалық адвокаттар алқасы Бас прокурордың атына жергілікті құқық қорғау органдарының осы істе әрекет етпеуіне байланысты прокурорлық қадағалау қажеттігі туралы өтініш жасады. Одан кейін азаптау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді.

          Адвокаттың басына түскен осы жағдайды жағдайды мысалға келтіріп, мен азаптауға байланысты істер бойынша қылмыстық іс қозғаудың күрделілігіне назар аударғым келеді.

          Іс қозғалу үшін бүкіл республикалық қауымдастық Бас прокуратураға жүгінуге мәжбүр болды.

          Бұл жағдайда оқшаудағы сотталған жандар туралы не айтуға болады, олардың артында кәсіби қорғаушылардан құралған бес мыңдық әскері тұрған жоқ.

          Бұл ретте прокуратура органдарының тиісті түрде іске асырылмайтын азаптауларды анықтау және тергеу мәселелері бойынша айрықша өкілеттіктері бар.

          Стамбул хаттамасына сәйкес азаптауды тергеу кезінде адвокаттарға ерекше рөл жүктеледі. Сонымен бірге, тәжірибе көрсеткендей, табандылықпен құқық қорғамақ болған адвокаттар қызметіне қасақана кедергі келтірілуі мүмкін. Сондықтан, меніңше, адвокаттық қызметке кедергі жасау туралы істерді тергеу әдістемесін әзірлеу қажет.                            

           Тағы бір проблема – азаптау фактілерін тіркеу.

          Азаптаулар негізінен, адамдар қамауда ұсталатын жерлерде қолданылады және заттай дәлелдемелерді сақтау немесе оларға бастапқы кезеңде кедергісіз қол жеткізу қиын, кейде тіпті мүмкін де емес.

          Оларды тәуелсіз тұлғалардың, мысалы, адвокаттардың жабық мекемелерде жедел тіркеу мүмкіндігі мұндай мекеме ғимараттарына кіру кезінде ведомстволық шектеулерге байланысты іс жүзінде алынып тасталады.

          ТИЗО мен УҰИ-ға ұқсас жағдай, ол жерлерге кірерде ұялы телефондарды тапсыру қажет.

          Жалпы, біз сотталғандардың, сондай-ақ күдіктілердің немесе айыпталушылардың құқықтарын сақтау мәселелері адвокаттық қызмет кепілдіктерін сақтаумен тікелей байланысты деп санаймыз.

          Бейінді заң адвокаттық қызмет кепілдіктері мәселелері бойынша 9 тармақтан тұратын жеке бапты көздейді. Алайда, әр тармақта оларды заңға тәуелді актілермен, әртүрлі ведомстволық нұсқаулықтармен, ережелермен және бұйрықтармен шектеуге мүмкіндік беретін ескертпелер бар.

          Осы Заңға тәуелді актілердің барлығы біздің бейіндік заңымыздың ережелерін бұзады, сондықтан адвокаттық қызметтің кепілдіктерін қамтамасыз етудің заңнамалық тетіктері жұмыс жасамайды.

          Біз өз тарапымыздан ҚАЖК-мен, ІІМ-мен меморандум жасасу арқылы, кем дегенде, жабық мекемелерде ұсталатын адамдардың құқықтарына қатысты қазіргі жағдайды шешу үшін бірқатар шараны жүзеге асырудамыз, алайда, құқық қорғау органдары бұл бағытта әрекет етпей жатқанын айтпай кетуге болмайды.

          Біз қазақстандық адвокатураны дамыту Тұжырымдамасын қабылдадық, онда адвокаттардың мәртебесін арттыру, оның ішінде адвокаттық қызметтің кепілдіктері бойынша кешенді және жүйелі шешімдер ұсынылады. Бейіндік Комитеттің көмегімен оны Парламент Мәжілісіне таныстыру мүмкіндігін қарауды сұраймыз.

            Назарларыңызға рахмет!».

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: