БИКЕБАЕВ АЙДЫН ЖОЛШЫҰЛЫ

 

Туған күні: 04.02.1973

Отбасылық жағдайы: Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.

Туған жері: Алматы облысының Кеген ауданының Жалаңаш ауылы

Соңғы лауазымы / жұмыс орны:

  1. Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты (2002 жылдан бастап);
  2. «Саят Жолшы және Әріптестер» адвокаттық кеңсесінің басқарушы серіктесі  (2002 жылдан бастап).

Қоғамдық қызметі:

  1. ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының төрағасы (2019 жылғы қыркүйектен бастап);
  2. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі (2020 жылғы  желтоқсаннан бастап).

Тілдерді меңгеруі:

  1. Қазақ тілі (еркін)
  2. Орыс тілі (еркін)
  3. Ағылшын тілі (еркін).

Білімі:

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Заң факультетінің үздік дипломы (1996 жыл).

Еңбек жолы:

Еңбек жолын  1996 жылы екінші деңгейдегі банктер мен ірі қазақстандық заң фирмасында заңгер болып бастаған.

1999-2002 жылдар — «Саят, Жолшы, Дархан и Бадо» заң фирмасының құрылтайшысы және директоры.

2002-2007 жылдар — Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты және «Саят Жолшы және Әріптестер» адвокаттық кеңсесінің басқарушы серіктесі.

2007-2008 жылдары мемлекеттік қызметте жұмыс істеген: Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі ретінде.

2009-2016 жылдары — Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі және «Саят Жолшы және Әріптестер»  адвокаттық кеңсесінің аға серіктесі. Сондай-ақ, «Әділет» Жоғары құқық мектебінде сеньор-дәріскер ретінде жұмыс істеді, онда «ҚР монополияға қарсы (бәсекелестік) құқығы» курсын жүргізді.

2016-2017 жылдары – «Сбербанк России» АҚ ЕБ басқарушы директоры және басқарма төрағасының орынбасары.

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Саят Жолшы және Әріптестер» адвокаттық кеңсесінің аға серіктесі/басқарушы серіктесі.

Адвокатура саласындағы кәсіби жетістіктері:

  1. «Алматы адвокаттары» журналы басылымның бастамашысы, алғашқы демеушісі және бас редакторы (2003 жыл).
  2. ҚР Жоғары Сот Кеңесінің Біліктілік комиссиясының төрағасы ретінде сайланған алғашқы адвокат. Айдынның бастамасы бойынша осы комиссияның құрамына 2021 жылы белгілі адвокаттар Гүлнар Жаханқызы Сүлейменова мен Сергей Васильевич Сизинцев  қосылды. Комиссия жұмысының арқасында адвокаттар судья лауазымына үміткерлерде жеткілікті кәсіби білімнің болуы туралы шешім қабылдауға қатысады. Бұл ретте, егер 2019 жылы біліктілік емтиханын сәтті тапсырған 10 үміткердің 5-і (50%) сот жүйесінің қызметкерлері болса және тек 1 адвокат болса, 2020 жылы біліктілік емтиханын сәтті тапсырған 13 үміткердің тек 1-і (7.7%) сот жүйесінің қызметкері болған және 4-і (30%) адвокаттар болды. Осылайша, біліктілік комиссиясы сот жүйесін негізінен тәжірибелі заңгерлер мен адвокаттар есебінен толықтыру бойынша белгіленген трендті күшейтеді деп үміттенемін.
  3. Айдын құрған «Саят Жолшы және Әріптестер» адвокаттық кеңсесін көптеген жылдар бойы Legal 500, Chambers, Asia Law, IFLR халықаралық рейтингтік агенттіктер сенімді және кәсіби серіктес ретінде ұсынылып келеді. Бұл ретте «Саят Жолшы және Әріптестер» — халықаралық және ірі қазақстандық заң фирмаларынан тұратын тізімдегі жалғыз адвокаттық кеңсе.
  4. 2010-2020 жылдар бойына Who’s who legal халықаралық баспасымен Қазақстан Республикасының бәсекелестік (монополияға қарсы) құқық саласындағы жетекші сарапшы ретінде ұсынылды. Осы анықтамалықтағы ұсынылған заңгерлердің тізімі тек тиісті құқық саласында мамандандырылған басқа заңгерлердің, оның ішінде шетелдік заңгерлердің пікірлерін сұрау нәтижесінде қалыптастырылады.
  5. Алматы қалалық адвокаттар алқасы төралқасының құрамында әр жылдары жұмыс істеген.
  6. Ол көптеген заң жобаларын, соның ішінде салық кодексін, бәсекелестікті қорғау бойынша заңнаманы, адвокаттық қызмет туралы заңнаманы әзірлеу бойынша жұмыс топтарының құрамына кірді.

Жарияланымдары:

  1. Бәсекелестік (монополияға қарсы) құқыққа арналған Қазақстандағы алғашқы ғылыми монографияның – «Қазақстан Республикасының бәсекелестік (монополияға қарсы) құқығы және саясаты» (2010 жыл) авторы.
  2. ҚР Азаматтық кодексіне (1-кітап) профессор, заң ғылымдарының докторы және ҚР ҰҒА академигі М.К. Сүлейменовтың редакциясымен баптар бойынша Түсініктеменің бірлескен авторы (2021 жыл).
  3. «Монополияға қарсы (бәсекелестік) саясат және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында қолдану тәжірибесі саласындағы қолданыстағы нормативтік базаны талдау» зерттеу-кітабының авторы (2011 жыл).
  4. «Wolters Kluwer Law and Business» халықаралық баспа үйі шығарған «Competition Law in Central European Countries» зерттеу-кітабының қазақстандық бөлігінің авторы (2014 жыл).
  5. Жыл сайын «Саят Жолшы және Әріптестер» адвокаттары шығаратын «Қазақстанда бизнес жүргізудің құқықтық негіздері» анықтамалық-кітаптың редакторы және тең авторы. Кітап 2005 жылдан бастап шығарылып келеді. 2021 жылы бұл кітаптың 16 шығарылымы жарық көреді.
  6. Өзекті құқықтық мәселелер бойынша 70-тен астам ғылыми және публицистикалық мақалалардың авторы.
  7. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғы сөзімен «Бәсекелестік құқық және саясат. Базалық курс» кітабының бірлескен авторы (2021 жыл).

 

БИКЕБАЕВ АЙДЫН ЖОЛШИЕВИЧ

Дата рождения: 04.02.1973
Место рождения: с. Жаланаш Кегенского района Алматинской области.
Семейное положение, родственные связи: 
· Женат, воспитывает четверых детей
Владение языками:· Казахский, русский, английский
Образование, специальность (квалификация), лицензии:
· Казахский Государственный Университет им. Аль-Фараби (1996)Специальность «Юриспруденция»
Последняя должность/место работы:
1.       Адвокат Алматинской городской коллегии адвокатов (с 2002 года);
2.       Управляющий партнер адвокатской конторы «Саят Жолши и партнеры» (с 2002 года).
Общественная деятельность:
1.       Председатель Квалификационной комиссии Высшего судебного совета РК (с сентября 2019 года);
2.       Член Общественного совета Агентства РК по защите и развитию конкуренции (с декабря 2020 года).
Образование:
Диплом с отличием юридического факультета Казахского государственного университета имени Аль-Фараби (1996 год).
Трудовой путь:
Начинал работу юристом в 1996 году в банках второго уровня и крупной казахстанской юридической фирме.
В 1999-2002 годы — учредитель и директор юридической фирмы «Саят, Жолши, Дархан и Бадо».
В 2002-2007 годы — адвокат Алматинской городской коллегии адвокатов и управляющий партнер адвокатской конторы «Саят Жолши и партнеры».
В 2007-2008 годы работал на государственной службе: заместителем председателя Комитета по защите конкуренции Министерства индустрии и торговли, советником Премьер-министра РК.
В 2009-2016 годы — член Алматинской городской коллегии адвокатов и старший партнер адвокатской конторы «Саят Жолши и партнеры». Работал также сеньор-лектором Высшей школы права «Әділет», где вел курс «Антимонопольное (конкурентное) право РК».
В 2016-2017 годы — управляющий директор и заместитель председателя правления ДБ АО «Сбербанк России».
С 2017 года по настоящее время — старший партнер/управляющий партнер адвокатской конторы «Саят Жолши и партнеры».

Профессиональные достижения в сфере адвокатуры:
1.       Инициатор издания, первоначальный спонсор и главный редактор журнала «Адвокаты Алматы» (2003 год).
2.       Первый адвокат, избранный председателем Квалификационной комиссии Высшего судебного совета РК. По инициативе Айдына в состав данной комиссии в 2021 году включены известные адвокаты Гульнара Жахановна Сулейменова и Сергей Васильевич Сизинцев. Благодаря работе комиссии адвокаты участвуют в принятии решения о наличии достаточных профессиональных знаний у кандидатов в судьи. При этом, если в 2019 году из 10 кандидатов, успешно сдавших квалификационный экзамен, 5 (50%) были работниками судебной системы и только 1 адвокат, то в 2020 году из 13 успешно сдавших квалификационный экзамен только 1 (7.7%) был работником судебной системы и 4 (30%) были адвокатами. Таким образом, надеюсь, что квалификационная комиссия усилит наметившийся тренд по пополнению судебной системы преимущественно за счет практикующих юристов и адвокатов.
3.       Адвокатская контора «Саят Жолши и партнеры», созданная Айдыном, на протяжении многих лет рекомендуется международными рейтинговыми агентствами Legal 500, Chambers, Asia Law, IFLR в качестве надежного и профессионального партнера. При этом «Саят Жолши и партнеры» — единственная адвокатская контора в списке, состоящем из международных и крупных казахстанских юридических фирм.
4.       На протяжении 2010-2020 годов рекомендовался международным издательством Who’s who legal в качестве ведущего эксперта в области конкурентного (антимонопольного) права Республики Казахстан. Список рекомендованных юристов в данном справочнике формируется исключительно в результате опроса мнений других юристов, в том числе, иностранных, которые специализируются в соответствующей отрасли права.
5.       Работал в составе президиума Алматинской городской коллегии адвокатов разных лет.
6.       Входил в рабочие группы по разработке множества законопроектов, в том числе, налогового кодекса, законодательства по защите конкуренции, законодательства об адвокатской деятельности.

Публикации:
1.       Автор первой в Казахстане научной монографии, посвященной конкурентному (антимонопольному) праву — «Конкурентное (антимонопольное) право и политика Республики Казахстан» (2010 год).
2.       Соавтор постатейного Комментария к Гражданскому кодексу РК (Книга 1) под редакцией профессора, доктора юридических наук и академика НАН РК М.К. Сулейменова (2021 год).
3.       Автор книги-исследования «Анализ действующей нормативной базы в сфере антимонопольной (конкурентной) политики и практики применения с целью выработки предложений по ее совершенствованию» (2011 год).
4.       Автор казахстанской части книги-исследования «Competition Law in Central European Countries», изданной международным издательским домом «Wolters Kluwer Law and Business» (2014 год).
5.       Редактор и соавтор ежегодно издаваемой адвокатами «Саят Жолши и Партнеры» книги-справочника «Правовые основы ведения бизнеса в Казахстане». Книга издается с 2005 года. В 2021 году будет 16 выпуск данной книги.
6.       Автор более 70-ти научных и публицистических статей по актуальным правовым проблемам.
7. Соавтор учебного пособия «Конкурентное право и политика. Базовый курс» с предисловием Главы государства Касым-Жомарта Токаева (2021год).