Түркия адвокаттары алқаларының одағы — Түркі тілдес және ағайынды елдер адвокаттары бірлестіктерінің (ТТАЕАБ) одағын құруға ұсыныс жасады. Осы мақсатқа жету үшін, Анкара қаласына Қазақстан, Грузия, Албания, Әзірбайжан, Қырғызстан және Моңғолия елдерінің адвокаттар бірлестіктерінің өкілдері шақырылды. Кездесуде Қазақстан адвокаттарының атынан Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Ануар Түгел және Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Искандер Алимбаев өкілеттік етті. […]
