Республикалық адвокаттар алқасы Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бердіғұлова Жанна Кайратқызының қаза болуына байланысты оның отбасына, туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Жанна Қайратқызы 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітіріп, өзінің еңбек жолын аудандық сотының кеңсе меңгерушісі қызметінен бастаған. Содан кейін Батыс Қазақстан және Алматы облыстық соттарда қызмет атқарған. […]
