Қазақстан Республикасы Әділет министрі Марат Бекетаев Республикалық адвокаттар алқасының төрайымы Қадыржан Баймұхановамен кездесті. Министр Қ.Баймұханованы жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі. Марат Бекетаевтың айтуынша, жаңа сайланған төрайымның кәсіби тәжірибесі мен білімі, сондай-ақ жеке қасиеттері Алқаның жұмысын барынша тиімді жүргізуге септігін тигізеді. Министр адвокатура институтының дамуы мен нығаюы жолында, Әділет министрлігі, құзырлы орган ретінде конструктивті […]
