Құрметті адвокаттар! Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында бірқатар заң жобалары талқылануда, оның ішінде: Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасы; Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы; Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері […]
