Елордалық ЕЦ-166/1 тергеу изоляторында сотталушылармен кездесулер өткізуге арналған фронт-офис ашылды. Ашылуға Республикалық адвокаттар алқасының төрайымы Қадыржан Баймұханова, Нұр-Сұлтан қалалық адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы Бекжан Билялов және елордалық коллегия адвокаттары қатысты. Фронт-офис қызмет көрсетуге арналған арнайы терминалдармен жабдықталған, келушілер мамандарға электронды кезек арқылы жүгіне алады. ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бірыңғай бақылау-өткізу пункті […]
