Ташкентте «Адвокаттар институтын дамыту тұжырымдамасы: Өзбекстан мен шет елдердің тәжірибесі» атты халықаралық адвокаттар конференциясы өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар: АҚШ Халықаралық даму федералды агенттігі, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Неміс қоғамы, Өзбекстан Республикасының Адвокаттар палатасы, Өзбекстан Республикасының Әділет министрлігі. Конференцияға Әзірбайжан, Ауғанстан, Беларусь, Грузия, Германия, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Украина адвокатураларының басшылары мен өкілдері қатысты. Қазақстандық адвокатураны Республикалық адвокаттар алқасының […]
