Жақында Әлия Сүлейменова Алматыда өткен спорттық пышақ ұрысынан Қазақстан Республикасы чемпионатының алтынын қанжығасына байлап, кезекті рет жеңімпаздар тұғырына көтерілді. Үш жекпе-жектен кейін Қарағанды облыстық алқасының адвокаты пышақ ұрысынан Республика чемпионатында шешуші айқаста жеңіске жетті. Ең қызығы, адвокат бас жүлдені ізін басып, осы спорт түріне бет бұрған өз қызынан бір ұпайға озып, жеңіп алды. Әлия Сүлейменованың […]
