27 қараша күні Алматыда «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Айыптау және қорғау балансы. Ұлт жоспары – «100 нақты қадам»» тақырыбында бірінші Қазақстандық адвокаттар форумы өтеді.

Форумның өткізілуі елімізде болып жатқан жаңа құқықтық кезеңмен байланысты, осы жаңа кезеңге еліміздің барлық құқықтық жүйесімен бірге отандық адвокатура да енді.

  Маңызды жаңа кезеңнің дамуына Мемлекет басшысымен жарияланған «Ұлт жоспары -100 нақты қадамда» көрсетілген заңның үстемдігін және соның ішінде сот әділдігін қамтамасыз ету бойынша нақты шараларды қарастыратын  бес институционалдық реформалардың бірі түрткі болып отыр.

2014-2015 жылдары жаңа Қылмыстық-процестік,  Азаматтық іс жүргізу, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерінің қабылдануы, адвокаттардың сот процесіндегі құзыреттіліктерінің күшейтілуіне ықпал етті. Қазіргі таңда Қазақстанның адвокатурасында республика бойынша 16 алқалар, 180 заң консультациялары мен 150 адвокаттық кеңселер бар. Өркендеп келе жатқан отандық адвокатура осындай ауқымды ресурстарды басты құқық қорғау және азаматтық институт ретінде бұдан әрі қолдануды, соның оның ішінде қылмыстық және азаматтық процесте іс жүргізу құзыреттіліктерін,  азаматтардың білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдігін қамтамасыз етуді, қоғамның құқықтық сана-сезімін қалыптастыруды жоспарлы түрде күшейтуді көздеп отыр.

    Аталған міндеттерді шешу мақсатында Республикалық адвокаттар алқасы Астанадағы  ЕҚЫҰ-ның бағдарламалар кеңсесімен, Құқықтық саясатты зерттеу орталығымен  бірге  ұйымдастырылған бірінші Қазақстандық адвокаттар форумын өткізеді.

Форумның қатысушылары (соның ішінде Ресей, Беларусь Республикасы, Украина, Литва, Түркия) қазақстандық адвокатурадағы заңның үстемдігін қамтамасыз ету кезіндегі мемлекетпен өзараәркеттесу жағдайын, адвокаттық қызметтегі кепілдіктерді, азаматтардың білікті заң көмегін алу құқығын, әлеуметтік желілердегі адвокат кәсібінің этикалық стандарттарын талқылайды.

Республикалық адвокаттар алқасы аталған форумды ұйымдастыра отырып, осы құқықтық алаңда болған пікір мен тәжірибе алмасу, заңның үстемдігін бекітуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететін білікті заң көмегін көрсету бойынша  адвокатура өзінің конституциялық миссиясын сәтті орындау мүмкіншіліктерінің нығайтылуына үміт артады.

Форум 2015 жылдың 27 қараша күні Алматы қаласында, «Royal Tulip Almatу», қонақ-үйінде өтеді. Мекен жайы: Оспанов көш-сі, 401. БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін келесі байланыс телефондар бойынша хабарласуға болады: +7702 6477475, +77015135599.

 

 

 

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: