Республикалық адвокаттар алқасы, адвокаттарды сот ғимараттарына және басқа да мемлекеттік мекемелерге өткізуден заңсыз бас тарту, сондай-ақ тексеру, қарау, оның ішінде ұялы байланыс құралдарын, аудиоаппаратураны, компьютерлік техникасын алып қою арқылы соңғы кездері заңды адвокаттық қызметке кедергі жасау фактілері жиілеп кеткендігіне аса алаңдатушылық білдіреді. Көрсетілген жағдайлардың жартысы бұқаралық ақпарат құралдарында дәлелдемелер жариялаудың арқасында кеңінен қоғамдық резонанс туғызуда. […]
