Даубалаев Мейірбек Тилләбекұлы, 1986 жылы туған, ұлты қазақ, Қызылорда облысының тумасы, білімі жоғары, қазақ-орыс тілдерін еркін меңгерген, отбасылы, бес баланың әкесі.

Даубалаев Мейірбек Тилләбекұлы ҚазТұтынуОдағының «Қарағанды экономикалық университетінің түлегі. Еңбек жолын Қызылорда облысының аудандық соттарында түрлі қызметтерде бастаған, әр жылдары сот отырысының хатшысы, маманы, Қызылорда облысының Соттар әкімшісінің сот орындаушысы, Қызылорда облыстық сотының қадағалау алқасының хатшысы, Қызылорда қаласы әкімінің аппаратында, бөлім бастығы, бас инспектор болып қызмет атқарған.

2014 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының мүшесі болып табылады. 

«Қызылорда қаласының 200 жылдығы» мерекелік медалімен, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысқа белсенді қатысқаны үшін Атамекен ҚР ҰКП наградасымен, Қызылорда облыстық сотының төрағасымен Қызылорда облысының Соттар әкімшісінің «Тәуелсіздіктің 15 жылдығына арналған» Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының Алғыс хатымен марапатталған.

«Kun.kz» медиаплатформасындағы «Kun.kz — Заң» бағдарламаларының және Қызылорда облыстық «QAZAQSTAN-QYZYLORDA» телеарнасындағы «Заң консультациясы » бағдарламаларындағы спикері.  

Атамекен ҰКП Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің мүшесі.


ДАУБАЛАЕВ МЕЙРБЕК ТИЛЛӘБЕКҰЛЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті әріптестер!

Маған сенім білдіріп, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы лауазымына кандидат ретінде ұсынып қолдау білдіргені үшін Қызылорда облыстық адвокаттар алқасына шын жүректен алғыс айтамын.

Тәжірибелі адвокат ретінде білемін: проблемалар жеткілікті,  көп жұмыс жасау керек. Мен үшін Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы лауазымы — бұл біздің мүдделерімізді ұсыну, мүдделерімізге қызмет ету үшін таңдайтын менеджер лауазымы, мұндағы түйінді сөздер — Қызмет ету және ең бастысы нақты Біздің мүдделерімізді қорғау!

  • Сондықтан, менің бағдарламамдағы бірінші мәселе – бұл адвокатураның мүдделеріне адал және лайықты Қызмет ету;
  • Ашықтықты қамтамасыз ету. Мен еліміздің әрбір адвокатымен жұмыс істеуге, барлық ұсыныстар бойынша қызмет атқаруға толық дайынмын, себебі менің бағдарламам — мемлекет тарапынан тиісті көңіл бөлінбейтін біздің қауымдастықтың заңды және негізді талаптарын орындату бойынша жұмыс жасау. Демек, менің бағдарламам — Сіздің бағдарламаңыз;
  • Бәрімізге белгілі: бүгінде адвокат ең жоғары салықтардың бірінің төлеушісі болып табылады, сондықтан — адвокаттарға салық жүктемесін азайту бойынша жұмыс;
  • Мемлекеттің адвокаттарға кепілдендірілген заң көмегін төлеу жүйесін түбегейлі өзгерту, бүгінгі таңда төлемдер тергеушінің шешімі негізінде жүзеге асырылады. Осылайша, тікелей қарсылас іс жүзінде біздің жұмыс берушімізге айналады, бұл түбегейлі дұрыс емес;
  • Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу мөлшерлемесін арттыруды талап ету және қол жеткізу. Бүгінгі күні белгіленген төлем мөлшері өте төмен және әділ емес;
  • Мәдени көпшілік шараларды ұйымдастыру, адвокаттар Спартакиадасын үнемі түрде жылда өтетін шара ретінде қалыптастыру;
  • Адвокаттардың жұмысын жариялау үшін барлық өңірлерде өз баспасөз қызметін және өз баспасөз орталықтарын құру;
  • Жергілікті жерлерде жұмыс істейтін адвокаттардың, облыс орталықтарынан тыс жерлерде қызмет ететін адвокаттардың проблемаларын шешу;
  • Мемлекеттік мекемелерде жеке заттарын тексеріп қарауды, тінту жүргізуге және телефондар мен гаждеттерді өткізу туралы талаптарды жою бағытында жұмыс жасау және оған қол жеткізу.

Даубалаев Мейрбек Тилләбекұлы, 1986 года рождения, по национальности казах, место рождения Кызылординская область, образование высшее, свободное владение – казахским, русским языками, женат, имеет пятерых детей.

Даубалаев Мейрбек Тилләбекұлы окончил Карагандинский экономический университет КазПотребСоюза. Трудовую деятельность начал с работы в районных судах Кызылординской области, в разное время работал специалистом, секретарем судебного заседания, судебным исполнителем Администратора Судов Кызылординской области, ведущим специалистом – секретарем надзорной коллегий Кызылординского областного суда, работал в Аппарате акима г.Кызылорда, начальником отдела, главным инспектором.

С 2014 года по сей день является членом Кызылординской областной коллегии адвокатов.  

Награжден праздничной медалью «200 летия города Кызылорды», наградой НПП РК Атамекен за активное участие в работе по защите прав предпринимателей, «Благодарственным письмом» в честь 15 летия Независимости»  Председателя Кызылординского областного суда и Администратора судов Кызылординской области, отмечен Благодарственным письмом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы РК.  

Постоянный спикер передач «Kun.kz — Заң» на медиаплатформе «Kun.kz» и передачи  «Юридическая консультация» на Кызылординском областном телевидении «QAZAQSTAN-QYZYLORDA».     

Член Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции НПП Атамекен.


ПРОГРАММА ДАУБАЛАЕВА МЕЙРБЕКА ТИЛЛАБЕКУЛЫ

Уважаемые коллеги!

Искренне благодарю Кызылординскую областную коллегию адвокатов за оказанное мне доверие, за поддержку в выдвижении кандидатом на должность председателя Республиканской коллегии адвокатов.

Как практикующий адвокат знаю: проблем действительно хватает, много над чем можно и нужно работать. Для меня должность председателя Республиканской коллегии адвокатов — это должность менеджера, которого Мы выбираем для предоставления наших интересов, для «служения» нашим интересам, ключевые слова здесь — Служение и, именно, Нашим интересам!

  • Поэтому, первое в моей программе – это, именно, честное и достойное Служение интересам адвокатуры;
  • Открытость. Я полностью готов работать с каждым адвокатом нашей страны, работать по всем предложениям, поэтому, моя программа — это работа над выполнением законных и правомерных требований нашего сообщества, которое не находит должного внимания у государства. Следовательно, моя программа — Ваша программа;
  • Как всем нам известно, на сегодня адвокат является плательщиком одних из самых высоких налогов, поэтому — работа над снижением налоговой нагрузки на адвокатов;
  • Принципиальное изменение системы оплаты государством гарантированной юридической помощи адвокатам, на сегодняшний день оплата идет на основании постановления следователя. Таким  образом, прямой оппонент де-факто становится нашим Работодателем, что принципиально неправильно;
  • Требовать  и добиваться повышения ставки оплаты гарантированной государством юридической помощи. Установленный на сегодня размер оплаты является низким и не справедливым;
  • Организация культурно массовых мериятии, Спартакиады адвокатов, организация спортивных мероприятии на постоянной основе, как минимум ежегодно;
  • Создание своей пресс-службы и собственных пресс-центров во всех регионах для освещения работы адвокатов;
  • Разрешение проблем адвокатов, работающих вне областных центров на местах, сельских адвокатов;

Требовать и добиваться отмены досмотра личных вещей и передачи телефонов и гаждетов в государственных учреждениях.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: