Әділет министрі Марат Бақытжанұлы Бекетаев пен Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында адвокаттардың кәсіби қызметінің практикалық аспектілері мен заңнамаға қатысты мәселелері, адвокаттардың мүдделерін ілгерілету және құқықтарын қорғау бойынша тиімді жұмыс жүргізу үшін Республикалық адвокаттар алқасының мемлекеттік органдармен диалогының қажеттілігі талқыланды.
Айдын Бикебаев адвокаттық қоғамдастықты толғандыратын мәселелерді қозғады. Соның ішінде: адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыруға, адвокаттық мамандығына кіруді реттеу жөніндегі функцияларды адвокаттық қауымдастығына беруге, және де жеке қызмет атқаратын адвокаттарға кеңседе жұмыс жасау міндетсіз екендігі туралы сұрақтарды қамтыды.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне қатысты тақырыптар, оның ішінде адвокаттарға ақы төлеу мөлшерін ұлғайту, адвокаттардың гонорар сомасын минутпен есептеу практикасын қайта қарау бойынша ұсыныстар талқыланды.
Сонымен бірге, қылмыстық процесте тараптардың бәсекелестігі мен теңдігін дамытуға, адвокаттардың кәсіби қызметінің қауіпсіздігіне қатысты бірқатар мәселелер бөлек талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша жеке жұмыс тобы шеңберінде мәселелерді мұқият пысықтау туралы келісімге қол жеткізілді.
РАА баспасөз қызметі
Похожее
Статьи по теме
В очередной раз готовится к рассмотрению концепция законопроекта «О дактилоскопической и геномной регистрации», разработчиком которой является МВД РК. Сама по себе идея не нова. Начиная с 2001 года, в Казахстане,...
Адвокатское сообщество Казахстана с надеждой восприняло провозглашение Главой государства пяти институциональных реформ и связанного с ними «Плана нации - 100 шагов». Один из его разделов посвящен важнейшей проблеме обеспечения верховенства...
Заявление Республиканской коллегии адвокатов о соблюдении конституционных прав на получение юридической помощи Республиканская коллегия адвокатов выражает искренние соболезнования всем гражданам Казахстана, особенно родным и близким погибших в дни террористической атаки...
Продолжается обсуждение модели трехзвенной системы уголовного правосудия, как нового этапа реформирования правоохранительной сфер. Напомним, в январе текущего года на интернет-портале открытых данных НПА (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6544630) размещен проект Концепции к проекту Закона...