Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы Фолькер Фробарт мырзамен кездесті.
Онлайн кездесуге РАА Төрағасының орынбасары Игорь Вранчев, РАА атқарушы директоры Айнаш Рақымова, РАА Президиумының мүшесі Сергей Сизинцев және ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің өкілдері қатысты.
Кездесуде құқық үстемдігі мен адам құқықтары жөніндегі бағдарламалар аясындағы ЕҚЫҰ мен РАА арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың жалпы мәселелері тілге тиек болды.
РАА төрағасы Республикалық адвокаттар алқасының қызметі туралы, адвокаттық қоғамдастықты дамытудың негізгі мәселелері жайлы сөз қозғап, стратегиялық бағыттарын атап өтті.
Фолькер Фробарт мырзаны адвокатура жүйесін реформалауға, демократиялық институттарды нығайту және құқық үстемдігін ілгерілету шеңберінде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы диалогқа қатысты мәселелер де қызықтырды.
Бірқатар мәселелерді талқылау барысында Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Басшысы Қазақстанның адвокатурасын дамытуда жоспарланып отырған реформаларды іске асыруға қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді. Атап айтқанда, ол адвокаттың қандай процестерге қатысуы қажеттігін, құқық қорғаушының қандай қызметтер ұсына алатындығын, адвокаттардың жарналары мен сыйақыларының мөлшері және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы мемлекеттің қаржылық шығындары туралы мәселелердің маңыздылығын атап өтті.
Фолькер Фробарт мырза заңгер мамандығы кеңінен тараған Германиядағы адвокатура жүйесін мысалға келтірді. Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің басшысы Германияда ел адвокаттарының қамы үшін заңнамалық тұрғыда тұтас эко-жүйе әзірленгенін айта кетті. Атап айтқанда, арнайы зейнетақы жүйесі, сақтандыру және кәсіби жауапкершілік мәселелері қарастырылған. Дәл осы үлгіге Қазақстан да ұмтылуы керек деп атап өткен Фолькер Фробарт мырза өз өкілеттігі шеңберінде РАА-ға қолдау көрсетуге дайындығын айтты.
РАА Төрағасы өз кезегінде ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің өкілдеріне қолдау көрсетуге дайындығы үшін алғысын білдірді. Кездесу соңында тараптар Қазақстанның адвокаттық қоғамдастығының жұмысын жетілдіру шеңберінде одан әрі ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқылап, қосымша жұмыс кездесулерін өткізу қажеттігіне тоқталды.
В очередной раз готовится к рассмотрению концепция законопроекта «О дактилоскопической и геномной регистрации», разработчиком которой является МВД РК. Сама по себе идея не нова. Начиная с 2001 года, в Казахстане,...
Введение Целью настоящего заявления о принципах является оказание помощи ассоциациям юристов и органам, регулирующим деятельность юристов, в использовании социальных сетей[1] таким способом, который соответствует принципам профессиональной ответственности и корректности. Эти...
Проекты Законов «Об адвокатской деятельности и юридической помощи» и «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам адвокатской деятельности и юридической помощи» внесены Правительством Республики...
Шырайлы және сүйкімді әйелдер! Сіздерді, Көктем мейрамы – 8 Наурыз күнімен құттықтаймын! Шын жүректен зор денсаулық, мәңгі жастық, өзара махаббат тілеймін! Жүректеріңіз әсемді сезімге толып, әрқашанда қайталанбас-ерекше болып қалыңыздар! Сіздер...