Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Қадыржан Баймұханованың атына «Eurasia Universal» компаниясынан хат келіп түсті.

Құрметті Қадыржан Рысмұханқызы!

«Eurasia Universal» компаниясы Сізге өз құрметін білдіре отырып, Сізге Қазақстан нарығында ішкі бақылау құжаттарын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарына сәйкес қызметтерді ұсынатын компанияның пайда болғандығын хабарлайды.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (операторды немесе банкаралық ақша аудару жүйесінің операциялық ортасын қоспағанда), ломбардтар, нотариустар, микроқаржы және төлем ұйымдары, риэлторлар [1] қаржылық мониторингтің субъектілері болып табылады. Қаржылық бақылауға алына толығымен заңды талаптармен қамтылған, соның ішінде:

—  Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану мақсатында ішкі бақылау Ережелерін әзірлеу және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындағы соңғы өзгерістерді ескере отырып, оларды уақтылы жаңарту;

—  Заңнама талаптарын орындау мақсатында ішкі бақылау Ережелерін іске асыратын қызметкерді тағайындау;

— сәйкестендіру, құжаттандыру және қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен клиенттердің операциялары, күдікті операциялар (күрделі, әдеттен тыс ірі және басқа да әдеттен тыс операциялар) туралы ақпарат алу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетіне ұсыну

— терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізімінен жеке және заңды тұлғалардың ақшамен және (немесе) өзге мүліктерімен операцияларды тоқтату жөніндегі шараларды қолдану;

— ұйымның қызметкерлеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы міндетті ішкі, сыртқы (оқытуды және білім беруді қамтамасыз ететін мамандандырылған білім беру ұйымдарында) және басқа да бірқатар міндетті талаптарды орындау.

Ішкі бақылау жүйесінің болмауы немесе жеткіліксіз деңгейі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарының бұзылуына әкелуі мүмкін, бұл сөзсіз ұйымды және оның лауазымды тұлғаларын әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеледі.

Жоғарыда аталған жағдайға байланысты «Eurasia Universal» компаниясы Сіздің Бірлестік мүшелерініңізге ішкі бақылау құжаттарын қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келтіруде білікті көмек көрсете алады, сондай-ақ осы мәселе бойынша барлық кеңестерді бере алады.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша байланыс ақпараты: Айнұр (ұялы 87772772707), Гүлжан (ұялы 87077001104).

Осы ақпаратты Сіздің бірлестік мүшелерініңізге жеткізуді сұрап, өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз.

Құметпен,

Бас директор                                                                                 А.Жакенова

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: