Республикалық адвокаттар алқасы мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Мемлекетпен кепілдендірілген заң көмегі бағдарламасы бойынша адвокаттардың заң көмегіне ақы төлеу мәселелерін талқылау үшін жиналыс өткізді.
Кездесуге Әділет министрлігінің, Республикалық адвокаттар алқасының және «ҰАТ» АҚ жауапты басшылары қатысты.
Осы кездесудің қорытындысы бойынша «Е-Заң-көмек» жүйесі негізінде жұмыс жасайтын белсенді адвокаттардың қатысуымен Республикалық адвокаттар алқасы, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті және «ҰАТ» АҚ арасында жұмыс тобы құрылатыны туралы уағдаласты. Аталмыш жұмыс тобы адвокаттарды автоматты түрде тағайындап, процесстерге қатысу уақытын есептеп, Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімімен интеграциялануына байланысты проблемалық мәселелер бойынша шешімдерді әзірлеумен айналысатын болады.
Бұл жаңашылдықтың басты мақсаты — адвокаттардың іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыруға қатысу уақыты автоматты түрде анықталуы үшін адвокаттардың тергеушілер мен анықтаушыларға тәуелділігін болдырмау.
Похожее
Статьи по теме
В очередной раз готовится к рассмотрению концепция законопроекта «О дактилоскопической и геномной регистрации», разработчиком которой является МВД РК. Сама по себе идея не нова. Начиная с 2001 года, в Казахстане,...
Территориальным коллегиям адвокатов Касательно целевых взносов при вступлении в коллегии адвокатов. В связи с поступающими обращениями Республиканская коллегия адвокатов сообщает: Согласно подпункту 7) пункта 1 статьи 52 Закона...
Павлодарская областная коллегия адвокатов
Алматыда «Сот сараптамасы саласындағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің серіктестік келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы ұйымдастырды. Конференцияға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, ШЫҰ-ға мүше...