Оңтүстік-Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының жалпы жиналысы өтті. Жиналыс барысында, алты сағаттық қызу пікірталастан кейін, қатысушылар ортақ – бірауызды шешімге келіп, алқа мүшелерiнiң жаңа құрамын сайлады. Ағымдағы мәселелерді шешуге Оңтүстік-Қазақстан облысы адвокаттары, сонымен қатар, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Ануар Түгел және Алматы қалалық адвокаттар алқасының төрағасы Кенжегали Карчегенов қатысты.

Бұрыңғы төралқаның ұсынысымен күн тәртібі бойынша төралқа төрағасын сайлау болса, жалпы жиналыстың ортақ дауысымен, төралқа құрамын толығымен қайта сайлау болды.

Соңғы жылдарда Оңтүстік-Қазақстан облыстық адвокаттар алқасынның жұмысы сабырсыз өтіп, келіспеушіліктер пайда болған. Сол себепті, алқа мүшелері ортақ келісімге келіп, төралқаны толығымен жаңадан сайлаудың аса маңызы бар.

Ортақ сайлаудың қорытындысы бойынша, төралқа төрағасы болып Серик Баймуратов, төраға орынбасары болып Фатима Сариева сайланды. Сонымен қатар, төралқа құрамына – Нұрдаулет Маскулов, Виктор Кривоносов, Сапар Амиртаев, Мелес Сейтжанов және Мұсатай Бектасов кірді.

Одан басқа, жаңадан – тексеру, аттестаттау жөніндегі және этика жөніндегі комиссиялары сайланды.
Өз кезегінде, Республикалық адвокаттар алқасы әріптестерін құттықтап, қабылдаған шешімдерін қолдайды. Жұмысында сәттілік, татулық және кәсіби жетістіктерге жетуді тілейді.

Похожее