Омарова Айман Мұратқызы

Ұлты – қазақ. Туған жері – Жамбыл облысы. Үш жоғары оқу орнын тәмамдаған: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Халықаралық құқық және нарық академиясы. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Кәсіби еңбек жолын заңгер боп бастаған. Кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құқық қорғау органдарында қызмет етіп, оқытушылық жолдан өтті. 2002 жылдың 14 қарашасынан бастап жеке адвокаттық қызметпен айналысатын заңгер ретінде Алматы облыстық адвокаттар алқасы құрамына қабылданды.

Адам құқықтары жөніндегі халықаралық марапаттары мен номинациялары да жетерлік. Халықаралық дәрежедегі тәжірибелік бағдарламаларды да сапалы орындаған. Атап өтсек:

1. 2015 – «Терроризм және зорлық-зомбылық экстремизмі» – АҚШ;

2. 2017 – «Зорлық-зомбылық» – Оңтүстік Корея;

3. 2018 – «Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық» – АҚШ

Марапаттары:

  • 2018 – «Батыл әйел» халықаралық батыл әйелдер сыйлығының иегері.
  • Қазақстан Республикасы Президентінен 3 (үш) мемлекеттік наградасы бар. Айрықша айтарымыз – «Құрмет» ордені. Бұдан өзге кәсіби қызметінде қол жеткізген табыстары үшін бірнеше рет Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және медальдармен марапатталған.

Сол секілді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия сарапшысы, тележүргізуші және «Заң және біз» заңгерлік бағдарламасының сценаристі.

Бірқатар әлеуметтік жобалардың негізін қалаушы. Нақтыласақ:  

1. Республикалық әлеуметтік «Халық Үні» жобасы.

2. Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және халықтың әлеуметтік осал топтарына құқықтық көмек көрсету жөніндегі волонтерлік «Адал Көмек» жобаның жетекшісі.

Сол секілді зорлық-зомбылықпен, жыныстық қудалаумен күресу және басқа да көптеген басылымдардың авторы.

2021 жылы Aлматы облыстық адвокаттар алқасының жыл сайынғы конференциясында А.Омарованы республикалық адвокаттар алқасының төрағасы лауазымына кандидат ретінде ұсыну туралы бірауыздан шешім қабылданды. «Айман Мұратқызы бұл тұрғыда төрағаға қажетті кәсіби және жеке қасиеттерге толық ие: білімі, кәсіби шеберлігі, тәжірибесі, адами қасиеттері(шыдамдылық, адалдық, тазалық). Әрі бұл салада қордаланған түйткілді мәселелерді шешуге қауқарлы».

Бұл Алматы облыстық адвокаттар алқасы ұсынған мінездеме.

«Тәуелсіз адвокатураға 18 қадам!»

ОМАРОВА АЙМАН МҰРАТҚЫЗЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті әріптестер!

Менің бағдарламам іс жүзінде адвокаттық қызметтің қыр-сырымен таныс барлық белсенді заңгерлерге қарапайым және түсінікті. Бұл салаға тұтас ғұмырымды арнағандықтан қордаланған мәселелерін жақсы білемін әрі күмәнді, болашағы бұлдыр уәделер бергім келмейді. Мен не істеуді қалайтынымды нақты жазамын:

1. Адвокатура мен адвокаттардың заңды мүдделерін әрдайым, қандай жолмен болса да қорғау. Өз міндетін адал және принципті түрде орындайтын әрбір заңгерге қолдау көрсету;

2. Қоғам мүддесіне опасыздық жасамау және заңгерлердің көпшілігінің пікіріне қайшы келетін ымыраға бармау;

3. Адвокатураның дербестігін қорғау. Бұл ретте:

— адвокаттық мәртебеден айыру туралы мәселенi қайта қарау. Яки, адвокаттар алқасының тәртіптік органдарының ұстанымын есепке алмай тұрып Әділет министрлігінің адвокаттар лицензиясынан айыру тәжірибесін тоқтату;

— адвокаттар алқасына қабылдау да заң қоғамдастығының өз құзыретіне жатқызылады. Бұл ретте, ашықтықты қамтамасыз ету әрі сыбайлас жемқорлықа немесе бейтараптық айыптауларды болдырмау мақсатында тиісті органдар құрамына уәкілетті орган мен азаматтық қоғам өкілдерінің, адвокаттардың басым бөлігінің қатысуын назарға алған абзыл. Бұл органдар адвокаттар алқасының жанында жұмыс істеуі керек және оларды адвокаттар
басқарады;

— заңгерлер қауымы қатарының тазалығы үшін күресті жалғастыру.

4. Адвокаттардың кәсіби міндеттерін орындау кезінде жасаған әрекеттері үшін жауапқа тартылуына қатаң тыйым салуды талап ету және болдырмауға ұмтылу.

5. Адвокаттардың жұмыс үй-жайларына, үйлеріне, көліктеріне, байланыс құралдарына және компьютерлеріне қол сұғылмауын талап ету.

6. Адвокаттарға қатысты жедел-iздестiру және жасырын тергеу әрекеттерiн жүргiзуге, адвокаттарды құқық қорғау органдарының агенттерi ретiнде тартуға, құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасауға мүлде тыйым салуды тоқтату.

7. Адвокатты (өзіне қатысты адвокаттық қызметпен айналысу құқығы тоқтатылған немесе уақытша тоқтатылған) өзінің қызметіне байланысты қылмыстық немесе өзге де жауаптылыққа тартуға, қорқытып-үркітуге тыйым салуды талап ету.

8. Бас Прокурордың немесе оның орынбасарының тіркеуін қоспағанда, адвокатқа қатысты қылмыстық істі тіркеуге тыйым салуды талап ету.

9. Анықтау органының, тергеушiнiң, прокурордың қорғаушыға қатысты ұсынулар енгiзуiне, сондай-ақ адвокатқа соттың жеке ұйғарымын шығаруына тыйым салуды талап ету және өтiнiш жасау.

10. Адвокат құпиясына қол сұғылмаушылықты, адвокаттар мен клиенттер арасындағы қарым-қатынастың құпиялылығының кепілдігін талап ету және іқол жеткізу.

11. Қазақ тілінде жұмыс істейтін заңгерлердің де, ауыл заңгерлерінің де мәртебесін көтеру.

12. Заңгер мамандығын, құқықтық сауаттылығын бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде теледидарда насихаттау.

13. Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу мөлшерлемесін көтеруді талап ету және оған ұмтылу.

14. Адвокаттарға салық жүктемесін азайтуды талап ету және оған жетуге күш салу, адвокаттардың мүддесі үшін тиісті процедураларды нақтылау және түзету.

15. Адвокаттардың дамуы мен кәсіби өсуіне ықпал ету: адвокаттардың біліктілігін арттыру нысандарын жетілдіру, білім мен тәжірибе алмасуға ықпал ету.

16. Заң қоғамдастығының абырой-беделі жолында барлық мүдделі ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

17. Әрдайым адвокаттар алқасы мүшелерімен ашық байланыс орнату арқылы өзге де түйткілді мәселелерді сараптау, қорғаушылар қызметінің мүддесі жолында өзін-өзі басқару органдарымен ынтымақтастық жұмысты жаңғырту.

18. Адвокаттық қызметке қабылданған кезде барлық адамдар құқық қорғау органдарындағы, прокуратуралардағы және соттардағы жұмыс тәжірибесіне қарамастан аттестаттауға жатқызуды жолға қою.

Құрметті әріптестер!

Өздеріңіз байқағандай, менің сайлауалды бағдарламамның басым бөлігі адвокаттар беделін көтеруге бағытталған. Бұл менің жылдар бойғы көкейімді кернеген, жүрегімді жұлымдаған түйткілдер. Ендеше, осынау биік шыңды бірге бағындырайық!


Умарова Айман Муратовна, по национальности казашка, место рождения Жамбылская область, образование высшее, свободное владение – казахским, русским и английскими языками.

Умарова Айман Муратовна имеет три высших образования, окончила КГНУ им.Аль-Фараби, Казахский Университет Международных Отношений и Мировых Языков им. Абылай хана, Международная Академия права и рынка. Свою профессиональную деятельность начала юристом, далее служба в правоохранительных органах МВД РК и преподавательская деятельность. С 14.11.2002 года принята в члены АОКА адвокатом занимающимся индивидуальной адвокатской деятельностью.

Имеет Международные награды и номинации в области прав человека.

•        Зарубежные обменные программы:

1.       2015 год – «Терроризм и насильственный экстремизм» — США;

2.       2017 год – «Насилие» — Южная Корея;

3.       2018 год – «Насилие в отношении женщин и детей» — США

4.       2018 год — Является обладателем международной премии International Women of Courage Award «Отважная женщина».

•        Имеет 3(три) государственные награды от Президента Республики Казахстан, в том числе орден «Құрмет».

•        Член Национального совета общественного доверия при Президенте РК.

•        Является экспертом в Комиссии по правам человека при Президенте РК.

•        Телеведущая и сценарист правовой программы «Заң және Біз».

•        Республиканский проект «Халық үні».

•        Руководитель волонтерского проекта по повышению правовой грамотности граждан и оказанию юридической помощи социально уязвимым слоям населения – «Адал Көмек».

•        Автор публикаций о противодействие насилию, сексуальном домогательстве и многих других.

За успехи, достигнутые в профессиональной деятельности, она неоднократно была поощрена почетными грамотами, благодарностями и медалью.

На ежегодной Конференции АОКА 2021 года было принято единогласное решение о выдвижении кандидатуры Умаровой А.М. на пост председателя Республиканской коллегии адвокатов. «Умарова Айман Муратовна обладает всеми необходимыми профессиональными и личностными качествами — знаниями, терпением, опытом, цельностью характера и, разумеется, незаурядными способностями, преданная своему делу и адвокатскому сообществу. Несомненно, Умарова А.М. сможет решить проблемы адвокатского сообщества и поднять его статус!»

(Характеристика представлена Алматинской областной коллегией адвокатов)

ПРОГРАММА УМАРОВОЙ АЙМАН МУРАТОВНЫ

«18 шагов к Независимой адвокатуре!«

Уважаемые коллеги! Моя программа проста и понятна всем действующим адвокатам, которые знакомы с реалиями адвокатской деятельности на практике. Не хочу давать сомнительные обещания.

Пишу конкретно, что я намерена делать:

1. Защищать законные интересы адвокатуры и адвокатов всегда и везде, где и чем только смогу. Поддерживать каждого адвоката, честно и принципиально выполняющего свой долг.

2. Не предавать интересы нашего сообщества и не идти на компромиссы, противоречащие этим интересам и мнению большинства адвокатов.

3. Отстаивать независимость адвокатуры.

Для этого:

— требовать и добиваться , чтобы решение вопроса о лишении адвокатского статуса относилось к исключительной компетенции самой адвокатуры. Прекратить практику лишения лицензий адвокатов Министерством юстиции без учета позиции дисциплинарных органов адвокатуры;

— прием в адвокатуру также отнести к компетенции самого адвокатского сообщества.

При этом во избежание обвинений в коррупции или предвзятости, в составе соответствующих органов сохранить участие представителей уполномоченного органа и гражданского общества, но при большинстве адвокатов. Эти органы должны работать при адвокатуре и возглавляться адвокатами;

— продолжать бороться за чистоту рядов адвокатского сообщества.

4. Требовать  и добиваться неукоснительного запрета на преследование адвокатов за действия, совершаемые ими при исполнении профессиональных обязанностей.

5. Требовать  и добиваться неприкосновенности рабочих помещений, жилища, транспортных средств, средств связи и компьютеров адвокатов.

6. Требовать и добиваться  абсолютного запрета на проведение оперативно-розыскных и негласных следственных действий в отношении адвокатов, вербовки адвокатов качестве агентов правоохранительных органов, привлечения к сотрудничеству с правоохранительными органами.

7. Требовать и добиваться  запрета на привлечение к уголовной или иной ответственности адвоката (лицо, в отношении которого прекращено или приостановлено право на занятие адвокатской деятельностью) или угроз о применении ответственности в связи с осуществлением им адвокатской деятельности.

8. Требовать и добиваться запрета регистрации уголовного дела в отношении адвоката, кроме регистрации Генеральным прокурором или его заместителем.

9. Требовать и добиваться запрета на внесение представлений органом дознания, следователем, прокурором, а также вынесения частного определения суда в отношении адвоката.

10. Требовать и добиваться неприкосновенности адвокатской тайны, гарантий конфиденциальности общения адвокатов с клиентами, в том числе и в учреждениях любой безопасности при содержании под стражей и отбывания наказания.

11. Повышать статус адвокатов, осуществляющих деятельность на казахском языке, а также сельских адвокатов.

12. Пропагандировать профессию адвоката, правовую грамотность, в СМИ, в том числе на ТВ.

13. Требовать  и добиваться повышения ставки оплаты гарантированной государством юридической помощи.

14. Требовать и добиваться  снижения налоговой нагрузки на адвокатов, уточнения и корректировки соответствующих процедур в интересах адвокатов.

15. Способствовать развитию и профессиональному росту адвокатов: совершенствовать формы повышения квалификации адвокатов, способствовать обмену опытом и знаниями.

16. Проводить международное сотрудничество со всеми заинтересованными организациями в интересах адвокатского сообщества.

17. Всегда действовать в интересах адвокатуры и с учетом позиции органов нашего самоуправления и мнения большинства адвокатов.

18. При допуске к адвокатской деятельности, все лица подлежат аттестации независимо от  их опыта работы в правоохранительных органах, прокуратуре и судах.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: