Дүйсенбі күні РАА төрағасы, «Ақиқат» қаңтар айындағы тәртіпсіздіктерді тергеу жөніндегі комиссияның басшысы, адвокат Айман ОМАРОВА және «Аманат» қоғамдық комиссиясының төрағасы, адвокат Абзал Құспан ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты. Айман Омарова мен Абзал Құспан «қаңтар трагедиясы» туралы баяндама жасады. Өз кезегінде РАА төрағасы Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлдың жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ел адвокаттарының заңгерлік көмек көрсету сапасына қатысты сауалдарына жауап берді. http://old.advokatura.kz/el-advokattary-r-parlamenti-m-zhilisini-zhalpy-otyrysyna-atysty/

Сейсенбі күні адвокаттар Әзірбайжан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы мен Латвия Конституциялық Сотының судьясымен кездесті. Іс-шара барысында қатысушылар әкімшіліктік әділет саласында тәжірибе алмасты. Кездесуге қатысқан  адвокаттар Айдын Бикебаев, Вероника Ким, Юна Вахрушева және Әсел Тоқаеваның әкімшіліктік әділет саласындағы салыстырмалы түрде жас қазақстандық тәжірибе туралы айтып берді. Кездесу қорытындысы бойынша Республикалық адвокаттар алқасының шетелдік судьялармен және американдық заңгерлер қауымдастығының өкілдігімен одан әрі ынтымақтастығының перспективалары талқыланды. http://old.advokatura.kz/kimshiliktik-yustitsiya-advokattar-men-sudyalar-t-zhiribe-almasty/

Сейсенбі күні РАА төрағасы мен РАА төрағасының орынбасары «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Қазақстанның жаңа полициясы. Қоғамның қазіргі заманғы сын-тегеуріндері мен талабы» тақырыбын алға тартып, сарапшылар ойларын ортаға салған кездесу болды. Онлайн форматта өткен сараптамалық талқылауға негізгі мемлекеттік органдардың, заң қоғамдастығының, академиялық топтардың, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында сарапшылар құқықтанушылар, әлеуметтанушылар, экономистер, саясаттанушылар қоғамның қазіргі заманғы сын-тегеуріндері мен сұраныстарын талқылады, сондай-ақ институционалдық және құқықтық реформа жөніндегі нақты ұсыныстарды атап өтті.

Сәрсенбі күні ҚР Жоғарғы сотында «Тергеу судьялары жұмысындағы құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері: күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау және ҚІЖК-нің 106-бабы тәртібінде шағымдарды қарау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара жұмысына адвокаттар қауымдастығынан А. Ж.Бикебаев, РАА төрағасының орынбасары И. О. Вранчев, РАА ҒКК төрағасы С. А. Әміртаев, адвокаттар В. В. Ким, С. А. Мусин, А. Б. Мұңайтбасов, Ә.Н. Тоқаева, А. Б. Құсайынова қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша «бұлтартпау шараларын санкциялаудың кейбір мәселелері туралы» Жоғарғы Соттың 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 1 нормативтік қаулысына адвокаттардың пікірін ескере отырып, тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туралы шешім қабылданды. Республикалық адвокаттар алқасы сәуір айында адвокаттық қоғамдастықтың ұсыныстарын жинайтын болады және нормативтік қаулы жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына қатысады деп жоспарланып отыр. http://old.advokatura.kz/respublikaly-advokattar-al-asy-men-zho-ar-y-sot-tergeu-sudyalaryny-zh-mysynda-y-y-oldanu-praktikasyny-zekti-m-selelerin-tal-ylady/

Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасында азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау призмасы арқылы азаптау және тергеудің рұқсат етілмеген әдістері мәселелері бойынша кеңес өтті. Адвокаттық қоғамдастық атынан аталмыш жұмысқа И.О.Вранчев, С. Ә. Әміртаев, А. Н. Тоқаева, В. В. Ким, Ю. А. Малюкова және А. Б. Құсайынова қатысты. https://www.facebook.com/100000477630776/posts/8019737758052066/?d=n

Сәрсенбі күні РАА төрағасы Әділет вице-министрімен 2022 жылғы 11 наурызда өткен дөңгелек үстелде жақын арада әзірленеді деп жоспарланған Жол картасының жобасын талқылау бойынша кездесу өткізді.

Сәрсенбі күні «Егемен Қазақстан» газетінде РАА төрағасының адвокатураның түйткілді мәселелері және оларды шешу жолдары жайлы сұхбаты жарияланды. Газет тілшісінің бірқатар сұрақтарына жауап бере отырып, Айдын Бикебаев адвокатурада өзгеріссіз жаңа Қазақстан құру мүмкін еместігін атап өтті. Сондай-ақ, ол адвокаттық қызметтің басқа да өзекті мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. http://old.advokatura.kz/wp-content/uploads/16.03.22-2.pdf

Бейсенбі күні РАА төрағасы Айдын Бикебаев, Нұр-сұлтан қаласы адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары Руслан Узканов және адвокаттар Жасұлан Қауменов, Айзат Жасұзақова Бас прокуратурада мемлекетпен кепілдендірілген заң көмегі бағдарламасы бойынша адвокаттардың заң көмегіне ақы төлеу мәселелерін талқылау жөніндегі кеңеске қатысты. Осы кездесудің қорытындысы бойынша адвокаттардың қатысу уақытын автоматты түрде есептеп, адвокаттарды тағайындай отырып, СДТБТ интеграциясына байланысты проблемалық мәселелер бойынша шешімдерді әзірлеу үшін «Е-Заң-көмек» жүйесімен жұмыс жасайтын белсенді адвокаттардың қатысуымен Республикалық адвокаттар алқасы, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті  және «ҰАТ» АҚ арасында жұмыс тобы құрылатыны туралы уағдаласты. Бұл жаңашылдықтың басты мақсаты — адвокаттардың іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге қатысу уақыты автоматты түрде анықталуы үшін адвокаттардың тергеушілер мен анықтаушыларға тәуелділігін болдырмау. http://old.advokatura.kz/memleketpen-kepildendirilgen-za-k-megi-ba-darlamasy-bojynsha-advokattardy-za-k-megine-a-y-t-leu-m-selesin-sheshu-zholdary-tal-ylandy/

Бейсенбі күні қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша ІІМ жұмыс тобының отырысы өтті. РАА атынан адвокаттар И.О.Вранчевтің, С. Ә. Әміртаевтың және А. Н. Тоқаеваның кандидатуралары ұсынылды. Барлығы 40-тан астам кандидат болды. Дауыс беру нәтижесінде Игорь Олегович Вранчев ІІМ қоғамдық кеңесінің мүшесі болып сайланды. Сондай-ақ, ІІМ қоғамдық кеңесінің мүшесі болып Әнуар Құрманбайұлы Түгел сайланған болатын.

Жұма күні РАА төрағасы Айдын Бикебаев Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 578-ші отырысына қатысты. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Үкімет қорытындысының жобасы қаралды. Заң жобасында ҚР бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

РАА төрағасы және төраға орынбасары адвокаттармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ азаматтарды қабылдау жүзеге асырылды.

Өткен аптада Республикалық адвокаттар алқасына келіп түскен және шыққан хат-хабарлар саны 78 хатты құрады. Барлық өтініштер бойынша жұмыс жүргізілуде.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: