БАҚ ішінде 14 қазанда Республикалық адвокаттар алқасымен шақырылатын съездің негізгі міндеті Қазақстан қалаларында Қазақстан Республикасының Әділет министірлігімен әзірленетін «Адвокаттар қызметі және заң көмегі туралы» заң жобасына қарсы митинг өткізілетін деген хабар пайда болды. Мұндай хабар шындыққа жанаспайды.
Біріншіден, адвокаттар съезі және митинг мағанасы бір емес. Митинг – ең соңғы шара, қазір бұл шара өзін-өзі ақтамайды. Адвокаттар әрқашан да саясаттан тыс тұрды, олар үшін бірінші кезекте әділдік және заң үшін қызмет ету. Сондықтан өткізілетін съезд саяси мәселелерді қарастырмайды.
Екіншіден, адвокатура Әділет министірлігінің заң жобасына қарсы ешқандай шаралар әзірлемейді. Біз құқық саласындағы көмек көрсету реформалар керектігін мойындаймыз және оған белсеңді қатысамыз. Сонымен қатар, арамызда заң жобасында баяндалған негізгі ұстамындар жайлы принціпті келіспеушіліктер бар, біз оларды өркениетті түрде қорғаймыз. Өкінішке орай, қазіргі уақытта осы процесс кемелінен алыс.
Адвокаттарды мемлекетке қарсы қою съезд міндеті болып табылмайды. Съезд міндеті адвокаттардың реформалардың негізгі ережелерін бағалау кезінде ауызбіршілігін таныту және өз көзқарасын қорғау ниетін білдіру.
Республикалық адвокаттар алқасы көптеген телеарна редакциялармен, газеттер мен электронды басылымдармен кәсіби қарым-қатынасты қолдайды. Біз кез-келген қызықты ақпаратты әрқашан беруге дайынбыз. БАҚ өкілдерін өз кәсібіне тиіс ұстануды, сонымен қатар тексерілмеген немесе бір жақты ақпаратты материалдарды жариялаудан аулақ болуыңызды ұсынамыз. Түсініспеушілікті болдырмау үшін жарияланатын тақырыптар ішіндегі барлық аспектілерді мұқият зерттеп, өз материалдарында тек шынайы фактілерге сүйенуді де ұсынамыз. Материалдарды баспаға дайындау барысында сұрақтар пайда болса, шынайы ақпарат қажет болған кезде, РАА баспасөз қызметіне жүгініңіз.
Похожее
Статьи по теме
В очередной раз готовится к рассмотрению концепция законопроекта «О дактилоскопической и геномной регистрации», разработчиком которой является МВД РК. Сама по себе идея не нова. Начиная с 2001 года, в Казахстане,...
5 июня 2021 года вступает в силу Постановление Главного государственного санитарного врача Республики Казахстан от 3 июня 2021 года «О внесении изменений и дополнений в постановления Главного государственного санитарного врача...
ПРОЕКТ ЗАКОНА РК «О ВНЕСЕНИИ ИЗМЕНЕНИЙ И ДОПОЛНЕНИЙ В НЕКОТОРЫЕ ЗАКОНОДАТЕЛЬНЫЕ АКТЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО ВОПРОСАМ АДВОКАТСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ И ЮРИДИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ» (МАТЕРИАЛЫ) СРАВНИТЕЛЬНАЯ ТАБЛИЦА по проекту Закона Республики Казахстан «О...
Министерством юстиции проведен круглый стол на тему «Совершенствование деятельности органов юстиции в сфере реализации правовой пропаганды». Круглый стол организован Министерством юстиции при поддержке Всемирного Банка в рамках проекта институционального укрепления...