Аумақтық адвокаттар алқасы ағымдағы жылдың 24 маусымында Түркістан облысының Арыс қаласына іргелес орналасқан әскери бөлімдегі оқ-дәрілердің жарылуына байланысты болған төтенше жағдайға байланысты, Түркістан облыстық адвокаттар алқасындағы әріптестеріне қаржылай көмек көрсетуді жалғастыруда.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Республикалық адвокаттар алқасы (бұдан әрі — РАА) аумақтық адвокаттар алқаларынан зардап шеккен адвокаттарға тиімді атаулы қаржылық көмек көрсету мүмкіндігін қарастыруды сұрап жүгінген болатын. Аумақтық алқалар РАА үндеуіне жауап бере, Алматы қалалық алқа адвокаттары алғашқы болып қаражат аударды. (http://old.advokatura.kz/riptersterge-materialdy-k-mek/).

Материалдық көмек көрсету аясында әріптестердің қаражаттары Түркістан облыстық адвокаттар алқасының есебіне түсуді жалғасын табуда, соның ішінде:

— Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасы;

— Қарағанды ​​облыстық адвокаттар алқасы;

— Қостанай облыстық адвокаттар алқасы;

— Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасы.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының адвокаттар алқасы президиумының төрағасы Серік Баймұратовтың айтуынша, оқиғадан кейінгі алғашқы күндері алқа мүшелері тек Түркістан облысындағы әріптестеріне ғана емес, сонымен бірге Арыс қаласының тұрғындарына да тікелей көмек көрсетіп, қажет болған жағдайда алдағы уақыттарда да көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

Сонымен бірге адвокаттар мен адвокаттық кеңселер әріптестеріне қаражат жіберіп, өздерінің мүмкіндігінше көмектерін көрсетуде:

— Байбуза Лариса Григорьевна, Нұр-Сұлтан қаласының адвокаттар алқасы;

— Домболбаев Радик Есімханұлы, Алматы қалалық адвокаттар алқасы;

— Жансейітова Ляззат Маратқызы, Нұр-Сұлтан қаласының адвокаттар алқасы;

— «Асат» адвокаттық кеңсесі, Алматы қаласы;

— «Mcgreen & Partners» адвокаттар кеңсесі, Алматы қаласы.

РАА баспасөз қызметі

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: