«АМАНАТ»ҚОҒАМДЫҚКОМИССИЯСЫҚҰРЫЛДЫ

Танымал қазақстандық адвокат Абзал Құспан 2022 жылғы қаңтар оқиғаларына байланысты қамауға алынған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында «Аманат» қоғамдық комиссиясын құрды.

Адвокат Абзал Құспан өз үндеуінде былай деп хабарлады:

«Қаңтар оқиғасы барысында орын алған жағдайларға байланысты қазіргі кезде қылмыстық қудалаушылық орбитасына түсіп, тергеуде жүрген азамттардың арасынан тек қана бейбіт шеруге шыққан, қылмыстық пиғылдары болмаған немесе осы жағдайларға кездейсоқ тап болған азаматтарды анықтап, олардың жазықсыз жапа шекпеулері үшін, оларға мейлінше көмек беру және оларды қылмыстық қудалаушылық орбитасынан алып шығу. 

          Қаңтар оқиғасы барысында қасіретті жағдайлардың орын алғаны, яғни ғимараттарды өртеген, қиратқан, тонаған тіпті адам шығыны болғаны бұлжымас факт, оны ұйымдастырғандар мен жасағандар кімдер екенініне, содырлар ма, экстремистер ме, аңғал халықты пайдаланып, өзінің саяси ұпайын көздегендер ме, немесе тек тонау арқылы пайда табуды көксегендер ме, болмаса жай бұзақылар ма, оның ақ-қарасы ашыла жатар. Алайда, осы оқиғалар барысында арам пиғылды арандатушылардың болғаны рас. Біздің  мақсат осы арам пиғылдылар мен бейбіт шеруге шыққан адал ниеттілердің аражігін ажырату. Адал ниеттілердің жазықсыз жапа шекпеуіне, қудаланбауына, мейілінше көмек көрсету. Үйлерінде алаңдап күтіп отырған отбасыларымен аман-есен қауышуларына жәрдем беру.

          Комиссия құрамында, барлығы 8 адам, оның ішінде 4 кәсіби адвокат, 1 Мәжіліс депутаты, 1 Ұлттық қоғамдық кеңес мүшесі және ҚР Бас Прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінен бір-бірден өкілдері бар.

          Барша Қазақстандықтарды, құқық қорғаушыларды, қоғам белсенділерін, БАҚ өкілдерін, осы бір игі іс төңірегінде бірігуге, комиссия жұмысына көмек етуге шақырамыз! Құрметпен, А.Т.Құспан.»

Республикалық адвокаттар алқасы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар  істер бойынша азаматтардың құқықтарын қорғаумен айналысатын барлық адвокаттардан барлық ақпаратты РАА электрондық поштасына жіберуді сұрайды office@old.advokatura.kz.