Нұр-Сұлтан қаласында «Сот төрелігінің сапасына қол жеткізу: жаһандық трендтер мен тәжірибе» халықаралық форумы өтті. Форум жұмысына судьялардың халықаралық қауымдастығының және сот әкімшілері халықаралық қауымдастығының, сот жүйесі, адвокаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, шетелдік және отандық сарапшылар қатысты.

Панельді пікірталастарда КСЕС президенті, Хорватия Жоғарғы Сотының Төрағасы Дуро Сесса, Сингапур Жоғарғы Соты апелляциялық сатысының судьясы Стивен Чонг, Ұлыбритания соттары мен трибуналдары қызметінің басшысы Сьюзен Акланд-Худ, АҚШ апелляциялық сотының аға судьясы Алисон Кей Дункан және СХҚ Бас хатшысы Джакомо Оберто сөз сөйледі. Олар сот жүйесіндегі мемлекеттік басқарудың жаңа тәсілдері туралы пікір алмасып, сот төрелігінің сапасын арттырудағы заманауи талаптар мен менеджмент жүйесі туралы пікір алмасты.

Бірінші сессияда Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан Жоғарғы Соттарының төрағалары, Молдова, Беларусь, Ресей жоғарғы соттарының өкілдері сот жүйесін реформалаудың жаңа тәсілдері, қоғамның адал әрі бейтарап соттарға деген сұраныстары аясында тәуелсіз әрі жауапкершілікті сезінетін  соттар арасындағы тепе-теңдікті сақтау туралы тәжірибелерімен бөлісті.

Екінші сессияда көшбасшылық қасиеттер мен адами ресурстарды дамыту, сот жұмысының тиімділігін анықтаудағы инновациялар, сот органдарында сапа стандарттарының қолданылуы, сот төрелігіне және сот карталарын оңтайландыруға қол жеткізу үшін соттардың заманауи келбетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Үшінші сессияда АҚШ, БАӘ, Ұлыбритания, Италия, Германия сарапшылары         IT-технологиялардың артықшылықтары мен кемшіліктері, олардың әділ сот төрелігіне қол жеткізуге, судьялардың тәуелсіздігі мен есептілігіне, жасанды интеллектіні қолдануға әсері туралы айтты.

Соңғы сессияда АХҚО өкілдері Лорд Фолкс, Эндрю Спинк және Кристофер Кэмпбелл-Холт қалыптасып отырған нарықтарда халықаралық коммерциялық соттарды және төрелік орталықтарды құру туралы сөз сөйледі.

РАА баспасөз қызметі (sud.gov.kz негізінде)

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: