Адвокаттық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен ҚР Жоғарғы сотының ғылыми-консультативтік кеңесінің отырысы өтті. Отырыс «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы «ҚР Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 9 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ЖС нормативтік қаулысының жобасын талқылауға арналды. Отырысқа Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев және РАА […]
