Адвокаттық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен ҚР Жоғарғы сотының ғылыми-консультативтік кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы «ҚР Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 9 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ЖС нормативтік қаулысының жобасын талқылауға арналды.
Отырысқа Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев және РАА ғылыми-консультативтік кеңесінің төрағасы Сапар Әміртаев қатысты.
Адвокаттық қоғамдастықтың өкілдерінің ескертулері мен ұсыныстары айтылды, және де оларды одан әрі жұмыс тәртібінде талқылау үшін назарға алынды.
РАА төрағасы нормативтік қаулының 14-тармағын редакциялық түзету қажеттігіне назар аударды, онда келесі белгіленген:
Мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша процеске қатысқан өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар сомасы құжаттармен (төлем тапсырысы немесе түбіртек) расталған шектен жоғары мәлімделген жағдайда сот АК-нің 8-бабының 4-тармағында және АПК-нің 6-бабының бесінші бөлігінде көзделген адалдық, әділдік пен парасаттылық өлшемдерін басшылыққа алуы қажет.
Бұл тұжырым өкілдердің көмек ақы төлеуі тым жоғары болуы мүмкін деген ойға итермелейді. Бұл ретте «тым жоғары төлем» ұғымы бағалау болып табылады, яғни оның түсінілуі әр түрлі.
Соттар мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша процесске қатысқан өкілдің көмек ақысын төлеу жөніндегі шығыстардың расталған сомаларын толық көлемде өтеу үшін, осы тармақтың редакциясын басшылыққа алып, өзгерту керек, ал өтелетін шығыстардың сомалары АК-нің 8-бабының 4-тармағында және АПК-нің 6-бабының бесінші бөлігінде көзделген адалдық, әділдік және парасаттылық өлшемдерінегізінде ерекше жағдайларда ғана төмендетілуі тиіс.
РАА баспасөз қызметі
Похожее
Статьи по теме
В очередной раз готовится к рассмотрению концепция законопроекта «О дактилоскопической и геномной регистрации», разработчиком которой является МВД РК. Сама по себе идея не нова. Начиная с 2001 года, в Казахстане,...
Ассоциация практикующих экологов 18-19 июня 2020 года проводит курс «Экологическое право в Казахстане» в форме онлайн семинара. Содержание курсов: - Международные нормативно-правовые акты в области экологии; - Национальные нормативно-правовые акты...
РАА: АПТА ҚОРЫТЫНДЫСЫ 18.04.2022-22.04.2022 18 сәуірде РАА төралқасы қазақстандық адвокатураны дамытудың 2022 – 2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітіп, жұмыс топтарының, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің, жұмыс органдарының, мемлекеттік органдар жанындағы комиссиялардың және...
Сегодня в Бишкеке (Киргизия) начал свою работу трехдневный тренинг «Актуальные вопросы адвокатской деятельности и повышения квалификации адвокатов в странах Центральной Азии» в котором принимают участие казахстанские адвокаты. В мероприятии, организованном...