Республикалық адвокаттар алқасы мен Нұр—Сұлтан қалалық адвокаттар
алқасының өкілдері адвокаттар арасындағы халықаралық футбол турнирінен оралған әріптестерін қарсы алды.
2019 жылы 3-6 қазан аралықтарында Әзірбайжан мен
Грузияның адвокаттар қауымдастығының құрылғанына 100 жыл толуы аясында Оңтүстік
Кавказда алғашқы халықаралық футбол турнирі өтті. Турнирді Әзірбайжан және
Грузия адвокаттар қауымдастығы ұйымдастырды. Жарысқа 10 елден 16 команда
қатысты.
Жарыс барысында Қазақстан адвокаттар командасы ¼ финалға,
одан әрі ½ нәтижелерін көрсетіп финалға шықты.
Команда екі алқаның, яғни Нұр-Сұлтан қаласы және Атырау
облысының адвокаттарынан құралды.
Финалға шыққаннан кейін қазақстандық адвокаттар тобы
Әзірбайжан командасымен кездесті. Ойын өте тартысты өтті — екі команда да шынайы спорттық табандылық пен шеберлік көрсетті, ойынның
негізгі уақыты 0: 0 есебімен аяқталды. Белгіленген футбол ойынындағы он бір
метрлік айып соққыдан кейін Әзірбайжан құрамасы 3: 2 есебімен алға шықты.
Үшінші орын
үшін күресте Қазақстан мен Иран адвокаттарының командалары кездесті. Кездесу
қазақстандық команданың жеңісімен аяқталды — 3: 2.
Матчтардың
нәтижелері бойынша жүлделі орындар:
— 1 орын —
Әзірбайжан (1);
— 2 орын —
Әзірбайжан (2);
— 3 орын — Қазақстан.
Қазақстан адвокаттар құрамасын жеңісімен құттықтаймыз!
РАA баспасөз қызметі
Похожее
Статьи по теме
В очередной раз готовится к рассмотрению концепция законопроекта «О дактилоскопической и геномной регистрации», разработчиком которой является МВД РК. Сама по себе идея не нова. Начиная с 2001 года, в Казахстане,...
Республиканской коллегией адвокатов, направлены в Министерство юстиции РК, предложения по выработке мер по обеспечению безопасности деятельности правозащитников, в том числе адвокатов, пресечению незаконных действий, препятствующих их работе, в рамках исполнения...
22-23 апреля 2021 года пройдет первый Форум социальных проектов «Государство, бизнес и НКО: 30 лет единства и партнерства в интересах устойчивого развития». На данном Форуме, казахстанские и международные эксперты обсудят...
Ағымдағы жылғы қазан айында Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен республика судьяларының VII съезі өтеді деп жоспарланып отыр. Съезд қарсаңында, атап айтқанда, 20 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Астанадағы Тәүелсіздік сарайында сот...