28 сәуір күні сағат 10:00 Астана қаласында «Адвокатура институтын одан әрі дамыту және реформалау» тақырыбында дөңгелек стол отырысы өтеді.Аталған іс-шара бір жерде еліміздің ең үздік заңгерлерін жинайды.

Кездесу барысында қатысушалар келесідей мәселелерді талқылайды:

— адвокатура институтының даму стратегиясын әзірлеу;

— адвокатура және құқықтық көмек көрсетуді дамытудың  тәжірибесін талдау;

— адвокатура институтын қолдаудың тиімді құралдарын дамытуға жәрдемдесу;

—  мемлекеттік органдарга адвокаттар өз өкілеттіктерін кедергісіз атқара алатын жағдайлар жасау жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

— адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысандарын жетілдіру;

— сотта кәсіптік өкілдік ету;

— халыққа білікті заң көмегін көрсету сапасын арттыру бойынша шараларды ұсыну;

— адвокаттық қызметті жүзеге асыру еркіндігі;

— адвокаттардың біліктілігін арттыру.

Тақырыптың өзектілігі қазіргі кезеңдегі адвокатура институтының жай-күйі, сонымен қоса оның даму болашағы мен осы жолда орын алуы мүмкін ықтимал мәселелерді талдау қажеттілігімен анықталады.

2017 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Президенті жанындадағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің отырысында халыққа білікті заң көмегін көрсету сапасын арттыру бойынша шараларды ұсыну мәселелері қарастырылды. Аталған кездесуде осы бағыттар бойынша ұсыныстарды әзірлеу тапсырылды, соның ішінде адвокатура институтын дамытуға қатысты.

Дөңгелек стол отырысы ҚР Әділет министрлігі мен Республикалық адвокаттар алқасы, Еуропалық Одақтың «Қазақстанда қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» Жобасы, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі, Халықаралық түрме реформасының PRI Орталық Азиядағы Өңірлік Өкілдігі қолдауымен өтеді.

Бағдарламада қазақстандық мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі, Еуропаның заңды қауымдастықтары және адвокатуралар Кеңесі,  Түркия адвокаттар алқалары одағы, Грузия Адвокаттар Қауымдастығы, Украина адвокаттар Кеңесінің өкілдері қатысады.

Өткізілу күні және орны: 2017 жыл 28 сәуір, сағ:10-00, «KAZZHOL ASTANA» отельі, Балқантау көшесі, 213.

БАҚ аккредиттеу мәселелері бойынша:

ҚР Әділет министрлігі – 74-06-01, 74-06-02, pressgov@mail.ru

Республикалық адвокаттар алқасы — тел: +7 (7172)79-27-41, 79-27-38, office@old.advokatura.kz хабарласуыңызды  сұраймыз.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: