Алматыда Қазақстан Республикасы әділет органдары қызметкерлері күніне арналған спартакиада аяқталды. Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Алматы қалалық адвокаттар алқасының командасы иеленді.

Еске салсақ, жарыс 2019 жылы 21 — 27 қыркүйек аралықтарында өткен болатын, спартакиадаға Әділет департаментінің, адвокаттар алқасының, сот сарапшыларының, нотариаттық палатаның және жеке сот орындаушылар палатасының командалары қатысты. Ойындардың жеті күнінде шахмат, волейбол, футбол, теннис, армрестлинг және арқан тартыс бойынша турнирлер өтті.

Нәтижесінде жарыстың көшбасшысы Алматы қалалық адвокаттар алқасының командасы болды:

— шахмат — командалық есепте бірінші орын;

— үстел теннисі — командалық есепте екінші орын;

— волейбол — ерлер командалары арасында бірінші орын, әйелдер командалары арасында екінші орын;

— футбол — үшінші орын;

— арқан тартысы — бірінші орын;

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

РАA баспасөз қызметі

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: