ҚР Үкіметінің «Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжаты орналастырылған.
Реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін әзірленді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Конституцияға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін қолданыстағы заңнамаға, соның ішінде бірқатар конституциялық заңдар мен заңдарға мынадай мәселелер бойынша өзгерістер енгізу талап етіледі: Президенттің өкілеттігі, биліктің өкілді тармағын қайта форматтау, сайлау жүйесін жетілдіру және сайлау процесін жаңғырту.
Түзетулер енгізу уәкілетті мемлекеттік органдардың әлеуметтік-экономикалық тәуекелдерді реттеуге бағытталған тиісті нормативтік құқықтық актілерді жедел қабылдауына мүмкіндік береді.
Үкіметтің заңнамалық жұмыс қағидаларына сәйкес (Үкіметтің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №907 қаулысымен бекітілген) реттеушілік саясат құжаттарын талқылау мерзімі он бес жұмыс күнін құрайды және ағымдағы жылғы 11 мамырға дейін жалғасады.
Жария талқыланатын консультативтік құжаттың жобасына өз ұсыныстарын енгізгісі келетін адвокаттар оларды Ашық НҚА сайтында жариялай алады немесе Республикалық адвокаттар алқасының ресми поштасына жібере алады office@old.advokatura.kz олар кейін заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияға жіберіледі.
Похожее
Статьи по теме
В очередной раз готовится к рассмотрению концепция законопроекта «О дактилоскопической и геномной регистрации», разработчиком которой является МВД РК. Сама по себе идея не нова. Начиная с 2001 года, в Казахстане,...
15 ноября 2019 года IV КАЗАХСТАНСКИЙ ФОРУМ АДВОКАТОВ «Право на защиту и состязательность сторон: эффективная реализация в Казахстане» Форум организуется Республиканской коллегией адвокатов и Центром исследования правовой политики при финансовой...
В Алматинском районном суде города Нур-Султана состоялось судебное заседание по гражданскому иску, поданному в порядке главы 30 ГПК РК к МВД РК об оспаривании приказа №1 ДСП. Исковое заявление о...
В Комитете по финансовому мониторингу Министерства финансов РК прошел круглый стол на тему «Организация внутреннего контроля и практика взаимодействия между подразделениями финансовой разведки (далее ПФР), нотариатами и адвокатскими формированиями». Мероприятие...