Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Светлана Бычкова
мен Қанат Мусин адвокаттар қауымдастығының өкілдерімен кездесті.
Кездесуге
Республикалық адвокаттар алқасының төрайымы Қадыржан Баймұханова, Нұр-Сұлтан
қалалық адвокаттар алқасының төрағасы Бекжан Билялов және елордалық алқа
адвокаттары қатысты.
Депутаттар
жаңадан қабылданған заңдар туралы, сондай-ақ Мәжілістің өндірісіне енгізілген
заңдар туралы хабарлады. Кездесу барысында заң көмегін көрсету және адвокатура институтын
әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды.
Ағымдағы жылдың наурыз айында заңгерлік көмек көрсетуге адвокаттар мен заң консультанттарының қызметіне қатысты мәселелер талқыланатын кезекті парламенттік тыңдаулар өткізілетінін, осыған орай депутаттар назар аударуға қажет ететін маңызды тақырыптарды анықтап беруді, сондай-ақ «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының қолдану барысына түзетуді қажет ететін нормалары бойынша өз ұстанымдарын депутаттарға жеткізуді сұрады.
Сонымен қатар, Светлана
Бычкова осы кездесудің маңызды себебінің бірі мәжіліс депутаттары адвокаттық
қызмет мәселелеріне қатысты заң жобасына бастама жасап отырғанын атап өтті.
Сұхбат барысында бас бостандығынан
айыру орындарында ұсталып отырған адамдарға, қорғалуға құқығы бар куәлерге ақысыз заң көмегін
көрсету, адвокаттар
алқасының органдарына адвокаттарды сайлау мерзімі, адвокаттар көресететін заң
көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі және басқа да
мәселелер қозғалды.
Депутаттар
адвокаттардан заң жобаларын талқылау бойынша Парламент Мәжілісінің жұмыс
топтарының жұмысына белсене қатысуды және әлеуметтік желілерде заң жобасын
талқылауда неғұрлым кәсіби әдеп сақтауды сұрады және депутаттар бастама жасап
отырған заңжобасы шеңберінде адвокаттар қауымдастығынан келіп түсетін барлық
ескертулер мен ұсыныстар жұмыс тобы отырыстарында мұқият қаралып ескерілетінін
атап өтті.
РАА баспасөз қызметі
Похожее
Статьи по теме
В очередной раз готовится к рассмотрению концепция законопроекта «О дактилоскопической и геномной регистрации», разработчиком которой является МВД РК. Сама по себе идея не нова. Начиная с 2001 года, в Казахстане,...
9 ноября 2018 года, в Астане состоялось очередное заседание президиума Республиканской коллегии адвокатов (далее – РКА), на котором приняли участие 19 членов Президиума РКА, из 25. На повестку дня поставлены...
АЛДИЯРОВА Галия Садировна. Член Южно-Казахстанской областной коллегии адвокатов. «Деятельность адвокатуры «pro bono» Во многих государствах существует практика работы адвокатов «pro bono», означающей оказание профессиональной помощи юридической помощи на безвозмездной основе....
В Республиканскую коллегию адвокатов поступило благодарственное письмо от Айтматовой Айнуры Хашимовны в адрес адвоката Коллегии адвокатов города Шымкент Хайтметова Жумабека Суяровича. "Я и моя семья очень благодарны защитнику адвокату Хайтметову...