Алматыда, 56 жасында Алматы қалалық сотының төрағасы Ештай Ақжан Жайлауханұлы дүниеден озды. Ол 1961 жылдың 5 ақпанында, Оңтүстік Қазақстан облысының, Төле би ауданы, Екпінді ауылында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің «Заң» факультетін бітіргеннен кейін, өзінің еңбек жолын (1983-1984 жж.) Торғай облыстық адвокаттар алқасының адвокатынан тағылымдамадан өтуден бастады. Ол адвокат ретінде жұмыс істей отырып, бірнеше жылын осы мамандыққа арнаған, ал кейіннен Торғай облысы Амангелді ауданында заң кеңесінің меңгерушісі болған.
1986 жылдан бастап Ақжан Жайлауханұлы Торғай облыстық сотының мүшесі. Осы кезден бастап оның 30 жылдан астам судьялық өтілін құрайтын еңбек жолы басталады. Осы уақыт ішінде ол Целиноград, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы, Ақмола облыстық сотының төрағасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы болып жұмыс істеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №710 Жарлығына сәйкес қазіргі уақытқа дейін Алматы қалалық сотының төрағасы лауазымын атқарып келді.
Ештай Ақжан Жайлауханұлы сот жүйесінде ұзақ жылдық және адал еңбегі, сот төрелігін жүзеге асыру барысында мінсіз қызмет атқарғаны үшін көптеген мемлекеттік және халықаралық медальдарымен марапатталған.
Ақжан Жайлауханұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның отбасына, туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамын.
Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!
Ануар Түгел
Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы
Похожее
Статьи по теме
В очередной раз готовится к рассмотрению концепция законопроекта «О дактилоскопической и геномной регистрации», разработчиком которой является МВД РК. Сама по себе идея не нова. Начиная с 2001 года, в Казахстане,...
Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан опубликовало на своем сайте разъяснения по поводу подачи заявлений на выплату из ГФСС в связи с потерей доходов для различных категорий лиц....
Сердечно поздравляю Вас с праздником Наурыз! Как известно, приход Наурыза означает наступление Нового года. А Новый год – это для каждого человека новые надежды и ожидания. Пусть этот праздник, олицетворяющий...
14 января 2018 года Актюбинская областная коллегия адвокатов понесла тяжелую утрату. На 78-м году жизни скончался наш дорогой коллега, друг, учитель, высокопрофессиональный адвокат – Эдуард Арушанович Осипов. Занимаясь адвокатской деятельностью...