«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 28-бабының 5, 6-тармақтарына және Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы 2016 жылғы 11 наурызда (№ 12 хаттама) бекіткен Мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесіне қатысу үшін адвокаттарды іріктеу өлшемшарттары туралы ережесіне сәйкес, Нұр-Сұлтан қалалық адвокаттар алқасы мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысу үшін адвокаттарды іріктеу басталғаны туралы хабарлайды.
Мемлекет кепілдік берген
заң көмегін көрсету жүйесіне қатысқысы келетін адвокат Нұр-Сұлтан қалалық
адвокаттар алқасына Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы бекіткен нысан
бойынша өтініш береді.
Өтініш нысаны жоғарыда аталған Ереженің қосымшасында көрсетілген. Қалалық адвокаттар алқасының төралқасына өтінішті адвокат қолма-қол, пошта немесе электронды байланыс арқылы жібереді. Өтінішке адвокаттың салық органында тіркелгенін растайтын құжат қоса беріледі.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне
қатысатын адвокаттар тізіміне қосудың артықшылықты құқығы кешенді әлеуметтік
заң көмегін көрсететін адвокаттарға беріледі.
Өтініш берудің мерзімі – 2019 жылдың 1 қазанына дейін.
(Нұр-Сұлтан қалалық адвокаттар алқасының сайтындағы материалдар негізінде)
Похожее
Статьи по теме
В очередной раз готовится к рассмотрению концепция законопроекта «О дактилоскопической и геномной регистрации», разработчиком которой является МВД РК. Сама по себе идея не нова. Начиная с 2001 года, в Казахстане,...
Программа реализуется в рамках сотрудничества Европейского союза и ЮНИСЕФ с Правительством Республики Казахстан. Общей целью программы является оказание поддержки Правительству Казахстана в создании всеобъемлющей дружественной детям правовой системы, соответствующей международным...
В апелляционном суде Астаны прошло рассмотрение дела адвоката Бауыржана Азанова, который доказывает незаконность требования охраны суда, досматривать содержимое его портфеля, как адвоката. Напомним, в ноябре прошлого года командир взвода УССО...
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның онлайн-отырысы барысында азаматтардың кәсіби біліктілігін растаудың заңнамалық тетіктері талқыланды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі әзірлеген "Кәсіби біліктілік...