ҚР Әділет
министрлігінің бастамасымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне
арналған «Негізгі Заң апталығы» акциясы бүкіл республика бойынша жалғасуда.
Аумақтық адвокаттар алқалары өткізіп жатқан «ашық есік күндері» заң көмегіне мұқтаж әр азамат көкейкесті сұрақтар бойынша тегін құқықтық консультациялар ала алады.
Республикалық адвокаттар алқасына аумақтық алқалардан акция аясында өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы ақпараттар келіп түсуде. Акцияның алғашқы күнінде азматтар қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамаларына қатысты құқықтық мәселелер бойынша тегін консультациялар алды. Ал азаматтарды алаңдатын сұрақтар көбінесе неке-отбасы заңнамасына байланысты, оның ішінде алименттік міндеттемелер, некеден ажырасу, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу, банк несиелері және жер учаскелеріне иелену мәселелері, екені анықталды.
Көптеген адвокаттар алқалары бұл акцияны әділет
департаменттерінің және нотариаттық палаталардың өкілдерімен бірлесе өткізуде. Тегін
құқықтық консультациялар беру орны тек алқалар немесе адвокаттық кеңселермен
шектелмей, халыққа қызмет көрсету орталықтарының, әділет департаменттерінің ғимараттарында
және мәдени демалыс орындарында, атап айтқанда, алаңдар мен саябақтарда азаматтарды
уақытша қабылдау пункттерінде ұйымдастырылуда.
РАА баспасөз
қызметі
Похожее
Статьи по теме
В очередной раз готовится к рассмотрению концепция законопроекта «О дактилоскопической и геномной регистрации», разработчиком которой является МВД РК. Сама по себе идея не нова. Начиная с 2001 года, в Казахстане,...
Обжаловать в суде Нормативное постановление Верховного суда РК от 22 декабря 2016 года №14, а так же «Правила по обеспечению пропускного и внутриобъектового режимов для посетителей на территории и в...
В Ташкенте прошло заседание международного круглого стола «Гарантии адвокатской деятельности в Республике Узбекистан и странах Центральной Азии» организованного Палатой адвокатов Республики Узбекистан при поддержке Лиги юристов Центральной Азии. В работе...
ҚР Үкіметінің "Ашық НҚА" порталында жария талқылау үшін "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжаты орналастырылған. Реттеушілік саясаттың...