Республикалық адвокаттар алқасының Төралқасы адвокаттар алқаларының республикалық конференциясын 2022 жылғы 15 ақпан күні онлайн-форматта шақыру туралы шешім қабылдады.
Конференцияның басты мақсаты — РАА Төралқасының кейбір РАА басқару органдарының қызметін реттейтін бірқатар құжаттарды бекіту.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 26 қарашасында өткен конференцияның күн тәртібінен оның регламентінің жобасы алынып тасталды, оны адвокаттардың ұсыныстарын ескере отырып пысықтау қажеттігі айтылды.
Бұдан басқа, соңғы конференцияда енгізілген РАА Жарғысына түзетулерді ескере отырып, адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мен ғылыми-консультативтік кеңестің қызметін реттейтін ережелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.
2022 жылғы 15 ақпанда қабылданады деп жоспарланған құжаттардың жобаларын сапалы және тиімді дайындау мақсатында Төралқа екі айға атқарушы органның отырыстарын шақыру кестесі қарастырылған жұмыс жоспарын бекітті.
Дайындық жұмыстарының барысы туралы ақпарат, сондай-ақ әзірленетін құжаттардың жобалары РАА сайтында жарияланып, аумақтық адвокаттар алқаларына жолданатын болады.
Похожее
Статьи по теме
В очередной раз готовится к рассмотрению концепция законопроекта «О дактилоскопической и геномной регистрации», разработчиком которой является МВД РК. Сама по себе идея не нова. Начиная с 2001 года, в Казахстане,...
Адвокаттар алқасының соңғы республикалық Конференциясындағы РАА Төралқасының отырысында РАА Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Республикалық адвокаттар алқасының Ғылыми-консультативтік кеңесі туралы Ереженің жобасы және Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі...
Согласно представленной концепции, законопроект разрабатывается в рамках реализации поручения Главы государства о реформировании судебной системы, предусмотренного Планом Нации по реализации пяти институциональных реформ государства «100 конкретных шагов дальнейшего государственного строительства»....
Министерство юстиции проводит анализ правоприменительной практики норм Административного процедурно-процессуального кодекса за прошлое полугодие со дня его введения в действие. В этой связи у адвокатов есть возможность внести свои предложения по...