Бүгін РАА-ның атқарушы органы Ғылыми-консультативтік кеңестің құрамын құрып, оның жаңа басшысын сайлады, республикалық адвокаттық спартакиаданы өткізу туралы шешім қабылданды және қазақстандық адвокатураны дамыту Тұжырымдамасына ұсыныстар мен ескертулер қарастырылды.

РАА төралқасы өңірлік адвокаттар алқалары ұсынған адвокаттардың кандидатураларын, сондай-ақ РАА Төрағасы Ғылыми-консультативтік кеңесінің құрамына ұсынған адвокаттардың кандидатураларын көпшілік дауыспен қолдады.

Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, РАА президиумының мүшесі, Сергей СИЗИНЦЕВ Ғылыми-консультативтік кеңестің төрағасы болып бірауыздан сайланды. ҒКК бұрынғы төрағасы  Сапар ӘМІРТАЕВ ҒКК құрамында мүше ретінде қалады.

ҒКК Төрағасы алда 2018 жылғы қарашада РАА жоғары органының шешімімен сайланған ҒКК мүшелерімен, олардың РАА жұмыс органының құрамында қалу немесе қалмауы ниеттерін анықтау бойынша жұмыс жүргізуі тиіс.

Сондай-ақ, Төралқа «Заманауи адвокатура» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында айтылған ұсыныстардың жүзеге асырылуы мен Жол картасының орындалуы бойынша, РАА-ның барлық ұстанымдарын дайындау бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды. Өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары (2022 жыл 11 наурыз) ағымдағы жылдың 31 наурызында Әділет министрлігі және Республикалық адвокаттар алқасымен  бекітілген.

Күн тәртібінде тұрған тағы бір мәселе – спартакиада болатын. Адвокаттар арасындағы республикалық спартакиаданы 2022 жылдың тамыз айында Щучье-Бурабай курорттық аймағы ауданындағы «Жақсы» спорт кешенінде өткізу туралы шешім қабылданды. Спорт түрлері және қатысушылар саны туралы шешім РАА Төралқасының келесі отырыстарында қабылданатын болады. Спартакиаданы дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Нұрлан ЖОЛБОЛОВ сайланды.

Төралқа мүшелері қазақстандық адвокатураны дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған «Жаңа Қазақстан – Жаңа адвокатура» Тұжырымдамасына қатысты келіп түскен ұсыныстар мен ескертулерді талқылады, сонымен бірге Тұжырымдама жобасын қосымша талқылау Төралқаның келесі отырыстарында жүргізіледі.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: