Бүгін РАА-ның атқарушы органы Ғылыми-консультативтік кеңестің құрамын құрып, оның жаңа басшысын сайлады, республикалық адвокаттық спартакиаданы өткізу туралы шешім қабылданды және қазақстандық адвокатураны дамыту Тұжырымдамасына ұсыныстар мен ескертулер қарастырылды.
РАА төралқасы өңірлік адвокаттар алқалары ұсынған адвокаттардың кандидатураларын, сондай-ақ РАА Төрағасы Ғылыми-консультативтік кеңесінің құрамына ұсынған адвокаттардың кандидатураларын көпшілік дауыспен қолдады.
Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, РАА президиумының мүшесі, Сергей СИЗИНЦЕВ Ғылыми-консультативтік кеңестің төрағасы болып бірауыздан сайланды. ҒКК бұрынғы төрағасы Сапар ӘМІРТАЕВ ҒКК құрамында мүше ретінде қалады.
ҒКК Төрағасы алда 2018 жылғы қарашада РАА жоғары органының шешімімен сайланған ҒКК мүшелерімен, олардың РАА жұмыс органының құрамында қалу немесе қалмауы ниеттерін анықтау бойынша жұмыс жүргізуі тиіс.
Сондай-ақ, Төралқа «Заманауи адвокатура» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында айтылған ұсыныстардың жүзеге асырылуы мен Жол картасының орындалуы бойынша, РАА-ның барлық ұстанымдарын дайындау бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды. Өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары (2022 жыл 11 наурыз) ағымдағы жылдың 31 наурызында Әділет министрлігі және Республикалық адвокаттар алқасымен бекітілген.
Күн тәртібінде тұрған тағы бір мәселе – спартакиада болатын. Адвокаттар арасындағы республикалық спартакиаданы 2022 жылдың тамыз айында Щучье-Бурабай курорттық аймағы ауданындағы «Жақсы» спорт кешенінде өткізу туралы шешім қабылданды. Спорт түрлері және қатысушылар саны туралы шешім РАА Төралқасының келесі отырыстарында қабылданатын болады. Спартакиаданы дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Нұрлан ЖОЛБОЛОВ сайланды.
Төралқа мүшелері қазақстандық адвокатураны дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған «Жаңа Қазақстан – Жаңа адвокатура» Тұжырымдамасына қатысты келіп түскен ұсыныстар мен ескертулерді талқылады, сонымен бірге Тұжырымдама жобасын қосымша талқылау Төралқаның келесі отырыстарында жүргізіледі.
Похожее
Статьи по теме
В очередной раз готовится к рассмотрению концепция законопроекта «О дактилоскопической и геномной регистрации», разработчиком которой является МВД РК. Сама по себе идея не нова. Начиная с 2001 года, в Казахстане,...
Алматинская городская коллегия адвокатов (далее – АГКА) подвела итоги по оказанию адвокатами коллегии юридической помощи гражданам за время действия режима чрезвычайного положения в стране. Так, за период с 20 марта...
Бүгін онлайн режимде өткен отырыс барысында РАА аппаратының штаттық кестесі бекітілді, бос қаражатты жинақтау үшін депозит ашу мақұлданды, сондай-ақ басқа да бірқатар жұмыс мәселелері қаралды. Осы жылдың ақпан айында Жоғары...
В Республиканскую коллегию адвокатов поступило благодарственное письмо от директора ТОО «ALFA ТOUR» в адрес адвоката Алматинской областной коллегии адвокатов Алмаса Салпекова. БЛАГОДАРСТВЕННОЕ ПИСЬМО «Я, директор ТОО «ALFA ТOUR» Юссев Мохамед...