Бүгін Республикалық адвокаттар алқасы Жоғарғы сотпен және Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаттарды тағылымдамадан өткізу және олардың біліктілігін арттыру орталығымен бірлесіп «ӘРПК-ын қолданудың практикалық мәселелері» тақырыбында вебинар ұйымдастырды.
Онлайн шара ZOOM платформасында өткен болатын. Мазмұнды онлайн семинардың дәріскерлері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты әкімшіліктік алқасының төрағасы Аслан Сұлтанұлы Түкиев және АҚАА адвокаты Александр Владимирович Каплан болды. Қатысушылардың саны 600 адамнан асты.
Вебинар басталғанға дейін дәріскерле электрондық пошталарына тақырып аясында 30-ға жуық сұрақ келіп түссе, онлайн семинар барысында адвокатура үшін өзекті деп танылған тағы 80-нен астам сұрақ жолданды. Қозғалған проблемалардың арасында соттылық даулары, жоғары тұрған органнан апелляция және кассация үшін рұқсат алу, кассациялық сатыдағы судьяларға қосымша жүк болған кассациялық шағымдар санының көбеюі болды, сонымен қатар актілердің сапасы, дауларды сотқа дейінгі реттеу тәртібі болды. Соңғы аталған сұрақ бойынша талқылау барысында бұл мәселелерді жүйелі түрде шешуге және атқарушы биліктің қай органы әкімшілік мәселелерін соңына дейін пысықтамайтынын және әкімшілік етуді қажет ететінін көруге мүмкіндік беретінін анықтауға болатыны айтылды.
Онлайн семинарға қатысушылар лекторларға өзекті мәселелерді қызу талқылағаны және олардың жоғары кәсіби ақпарат бергені үшін алғыстарын білдірді. Уақыттың шектеулі болуына байланысты вебинар қатысушылары мен дәріскерлері қосымша онлайн кездесулерде қалған сұрақтарға оралуға үміт білдірді. Айта кету керек, оқыту іс-шаралары Жоғарғы Сот пен РАА арасындағы адвокаттар мен судьялардың тығыз өзара іс-қимылын жолға қою жөніндегі уағдаластықтар шеңберінде жүргізіледі.
Похожее
Статьи по теме
В очередной раз готовится к рассмотрению концепция законопроекта «О дактилоскопической и геномной регистрации», разработчиком которой является МВД РК. Сама по себе идея не нова. Начиная с 2001 года, в Казахстане,...
Елордалық ЕЦ-166/1 тергеу изоляторында сотталушылармен кездесулер өткізуге арналған фронт-офис ашылды. Ашылуға Республикалық адвокаттар алқасының төрайымы Қадыржан Баймұханова, Нұр-Сұлтан қалалық адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы Бекжан Билялов және елордалық коллегия адвокаттары қатысты....
Сегодня исполнительный орган РКА сформировал состав Научно-консультативного совета с избранием его нового руководителя, принято решение о проведении республиканской адвокатской спартакиады и рассмотрены предложения и замечания к Концепции развития казахстанской адвокатуры....
Поздравление Федеральной палаты адвокатов Российской Федерации Поздравление председателя Совета адвокатов Адвокатуры Кыргызской Республики Билима Райымкулова Поздравление Палаты адвокатов Республики Узбекистан