Бүгін ел бойынша төтенше жағдай аяқталды. Республикалық адвокаттар алқасы қаза тапқан барлық бейбіт азаматтар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Бұл қайғылы оқиғалардан еліміз сабақ алып қана қоймай, мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық салаларында түбегейлі өзгерістер болатынына сенімдіміз.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық салада және құқық қорғау органдарының қызметінде кешенді реформалардың басталғанын жариялады. Республикалық адвокаттар алқасы Ел Президентін қолдайды және адвокаттардың құқықтық мәртебесін жақсарту және Адвокаттық қызмет кепілдіктерін нығайту үшін реформалар жүргізуге өз үлесін қосуға дайын.

Төтенше жағдай кезеңінде Республикалық адвокаттар алқасы Адвокаттық қызмет кепілдіктерін сақтау қажеттігі туралы әлеуетті құрылымдарға үндеу жасады, сондай-ақ адвокаттарға өз клиенттеріне дер кезінде заң көмегін көрсету үшін оқшаулау орындарына кіруіне рұқсат етудің ерекше тәртібін енгізу мәселесін жұмыс тәртібімен шешті. Республикалық адвокаттар алқасы мен құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысы туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев атап өтті.

«Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен және ұлттық қоғамдық сенім кеңесімен өзара іс-қимыл жолға қойылды. Оларға және қорғаушыларға ұсталған адамдарды оқшаулау орындарына  қатыгез қарым-қатынас жағдайлары мен медициналық көмек көрсетпеу фактілеріне қатысты тәуелсіз тексеру жұмыстарын жүргізуге қолжетімділік қамтамасыз етілді. Кәсіби заң көмегін көрсету мәселесі Республикалық адвокаттар алқасымен бірлесіп, төтенше жағдай талаптарын сақтай отырып, қорғаушылардың мекемелерге кіру мәселесі шешілді», — деді Серік Шалабаев.

РАА ұйымдастырған консультативтік заң көмегін алуға арналған «Жедел желі» жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен азаматтар үшін өз құқықтарын қорғау және туыстарын іздеу туралы жедел ақпарат алуда таптырмас құралға айналды. Қазақстандықтар төтенше жағдай кезінде адвокаттардан кеңес алу үшін телефон арқылы еліміздің барлық аумақтық адвокаттар алқаларына хабарласа алды.

Белгілі болғандай, жаппай тәртіпсіздік салдарынан көптеген азаматтарымыз қаза тауып, жарақат алған. Жүздеген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, мыңдаған адам жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды.

Қайғылы оқиғалар орын алған кезде ел азаматтары бірқатар құқықтық сұрақтарға жауап іздеп, абдыраған жағдайға түскені белгілі. Он күн ішінде адвокаттардың «жедел желісіне» көмек сұрап, жүздеген қоңырау келіп түсті. Адвокаттар ауызша құқықтық көмекке жүгінген адамдарға жаппай тәртіпсіздік барысында жоғалған туыстарының орналасқан жерін анықтауға көмектесіп, тәртіпсіздік кезінде жұмыс орнында зардап шеккен қызметкердің денсаулығына зиян келген жағдайда қандай шара қолдану қажеттігін, келтірілген залалды өтеу үшін не істеу керек екендігі туралы, Құқық қорғау органдарының адамдарды ұстауда заңға сай немесе заңға қайшы әрекет еткендерін анықтау сияқты бірқатар мәселелер бойынша заң кеңестері берілді.

«Жедел желі» жаппай тәртіпсіздіктер аясында туындаған түрлі жағдайларға қатысты мәселелер бойынша азаматтардың ауызша құқықтық кеңес алуы мақсатында ұйымдастырылған болатын. Соған қарамастан  қазақстандықтар адвокаттарға өздерінің басқа да өзекті мәселелерімен жүгінді. Олардың қатарында мұрагерлік құқық, алименттік міндеттемелер, еңбек қатынастары сияқты және басқа да бірқатар сауалдар болды.

Төтенше жағдайдың өз күшін жойғандығына қарамастан адвокаттардың жедел желілерінің нөмірлері жұмысын жалғастырады. Айта кету керек, қазақстандықтардың белгілі бір санаттары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша бұрынғыдай тегін заң көмегін ала алады.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: